Биыл департамент 63 қылмысты әшкереледі. Оның ішінде ұйымдасқан қымыстық топ құру арқылы қандай да бір қызмет атқармайтын жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің есепшоты арқылы екінші деңгейлі банктерден қаражатты заңсыз қолма-қолға ақшаға айналдырудың 2 фактісін анықтаған.
«Тергеу кезінде анықталғандай, Алматы қаласының тұрғыны 2016-2019 жылдар аралығында өзіне тиесілі компания арқылы салықтан жалтару үшін, жалпы сомасы 2 млрд теңгеге сауда-саттық жасалды делінген жалған шот-фактуралар жасаған», - деп хабарлады ҚР ҚМ Қаржы мониторингі комитетінің баспасөз қызметі.
Алматы қаласы Алмалы аудандық сотының үкімімен қылмыстық іс-әрекетті ұйымдастырушы ҚР ҚК 216-бабының 3-бөліміне сәйкес (іс жүзінде жұмыстар орындалмай, қызметтер көрсетілмей, тауарлар тиеп-жөнелтілмей шот-фактура жазу бойынша әрекет жасау) кінәлі деп танылды. Айыпталушы 2 жыл 6 ай мерзімге бас бостандығынан айырылды.
Сондай-ақ, соттың үкіміне сәйкес, аталған азаматқа экономикалық қызмет саласында басшылық қызметпен 10 жылға дейін айналысуына шектеу қойылды.