«Атбасар қаласындағы Жабай өзенінің суы да тасиды. Қауіпті деңгейден асқан жағдайда өзеннің төменгі ағысында орналасқан елді мекендерді, шаруашылық құрылыстарды және жергілікті маңызы бар жолдарды су басу қаупі болуы мүмкін», - делінген хабарламада.
Бұдан бөлек 5-7 cәуірде Үлкен және Кіші Алматы су алаптарында жылымықтың әсерінен және қар жамылғысының тұрақсыз болуына байланысты қар көшкіні қаупі сақталады.19:58, 04 Сәуір 2023
2 өңірде өзен суы көтеріліп, қар көшкіні болатындығы ескертілді
АСТАНА. ҚазАқпарат - 5-6 сәуірде ауа температурасының жоғарылауы болжамына және қарқынды қар еруіне байланысты Есіл өзені алабында су деңгейінің көтерілуі күтіледі. Бұл туралы ҚазАқпарат Қазгидрометке сілтеме жасап хабарлайды.