20 адамды ажал құштырған жүргізуші жол-көлік оқиғасы орнынан қашып кетті

АСТАНА. Ақпанның 17-сі. ҚазАқпарат - Үндістанда автобустың аударылуынан 20 адам мерт болды,

деп хабарлайды ҚазАқпарат РИА «Новости» агенттігіне сілтеме жасап.

Оқиға сәрсенбі күні орын алды. Тойға бара жатқан қонақтар мінген автобус жолдан шығып кетіп, өзенге құлайды. Жүргізуші рөліне ие бола алмаған, 60 адам мінген автобус аударылып, суға батады.

Жергілікті тұрғындар мен полицейлерге 40 жолаушыны судан құтқарудың сәті түседі, олардың 30-дан астамы жарақаттанған. Кемі 22 адам мерт болды. Полиция қазір автобустың жүргізушісін іздестіруде. Ол машинадан секіріп түсіп, апат орнынан қашып кеткен.