ОРАЛ. 13 қараша. ҚазАқпарат - Шымкент қаласында тоғызқұмалақтан өткен жекелей және блицтен жекелей жастар арасындағы ел чемпионатында батысқазақстандықтар табысты өнер көрсетті.
Облыстық туризм, дене шынықтыру және спорт басқармасынан хабарлағанындай, оралдық Айнұр Байзекенова 20 жастағы қыздар арасында чемпион болса, сырымдық Ақгүл Нұрғали 18 жастағылар ішінен күміс медальді иеленді. Тағы бір батысқазақстандық Сайлан Матылов қола жүлдені еншіледі. Ал блицтен Айнұр күміс, Бөрлі ауданының өкілі Әйгерім Лесқалиева қолаға ие болды.
Ғайсағали Сейтақ
1980 жылы А. Пушкин атындағы Орал педагогикалық институтын (М. Өтемісұлы атындағы БҚУ) қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы бойынша бітірген. Тасқала аудандық «Екпін» газетінде тілші, бөлім меңгерушісі болды. Облыстық «Орал өңірі» газетінде тілшіліктен бас редакторлыққа дейінгі жолдан өтті. «Жайық Пресс» ЖШС бас директорының бірінші орынбасары қызметін атқарды. 2000 жылдан бері Kazinform халықаралық ақпарат агенттігінің БҚО-дағы меншікті тілшісі. Қазақстан Жазушылар және Журналистер одағының мүшесі. Республикалық «Жалын» журналы белгілеген Төлеген Айбергенов атындағы сыйлықтың (1987) және спорт журналистері арасында Сейдахмет Бердіқұлов атындағы сыйлықтың лауреаты (2015). «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері. Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты (2024).