деп хабарлады ИТАР-ТАСС агенттігі.
Помероль ауданындағы шаруашылықтар дайындаған шараптың дәмін дегустаторлар жексенбі күні Лондондағы атақты Винтнес-холда татты.
Дегустацияға қатысу үшін британ елордасына әлемнің үздік мамандары келді. Олар, помероль шараптары үшін 2005 жылдың ерекше жыл болғаны және бірінші кезекте, атақты «Нато Петрюс» маркалы шарап үшін ерекше жыл болған деген түйінге келді.
Дегенмен, шарап әуесқойлары 2005 жылғы «Шато Петрюстің» дәмін 2019 жылдан бастап тата алады. Оған дейін шарап бөшкелерде сақталып, бабына келеді. Мамандар, бабына келген соң бұл шараптың шөлмегі 20 мың доллардың шамасында болады деп шамалайды.