Бұл туралы бүгін Үкімет отырысында Ұлттық банк төрағасының орынбасары Данияр Ақышев мәлім етті.
«2007 жылдың орта кезінде барша банк жүйесіндегі сыртқы қарыз 46 млрд. АҚШ долларын құраған еді. Ол ІЖӨ үлесінің 50 пайызға жуық көлемінде болды»,- деп атап өтті ол.
Д. Ақышевтің сөзіне қарағанда, 2011 жылдың 1 қаңтарындағы алдын ала мәліметтер бойынша банктердің сыртқы қарызы 17 млрд. АҚШ долларына жуық қаржыны құрады. Атап айтқанда, қарыздар 3 есеге, яғни 29 млрд. АҚШ долларына төмендеді.
Бұл қарыздардың төмендеуі негізінен Қазақстан банктерінің сыртқы қарыздарын қайта құрылымдауға тікелей байланысты болып отыр.