Бұл туралы бүгін он-лайн режимінде өтіп жатқан Үкімет отырысында Экономикалық даму және сауда министрі Жанар Айтжанова мәлім етті.
«Өткен жылы осы кезеңде инфляция деңгейі 4,3 пайызды құрады», деп атап өтті министр. Атап айтқанда, еліміздің өңірлерінің көрсеткіштері бойынша 2009 жылдың желтоқсанына қарағанда 2010 жылдың тамыз айында орташа республикалық инфляция деңгейінен асып отырған көрсеткіш Павлодар, Оңтүстік Қазақстан облыстарында қалыптасқан (5,1 пайыздан), сондай-ақ инфляцияның жоғары деңгейі Шығыс Қазақстан, Ақмола, Жамбыл, Солтүстік Қазақстан облыстарында және Алматы қаласында қалыптасты.