«Қазір орасан әлеуметтік жүк пен нарықтар әлсіздігінің қауіпті үйлесімі нәтижесінде дамыған елеулі фискальдық дағдарыс пен бюджеттік қиғаштықты жоятын елеулі құрылымдық реформалардың болмауынан тәуелсіздік дефолттарының жоғары тәуекелдері сақталып отыр. Халықтың қартаю факторы бұл тәуекелдерді күшейте түсуде. Көптеген онжылдықтар ішінде алғаш рет Еуропа халқы қазіргі буынға қарағанда келесі буын экономикалық тұрғыдан нашар өмір сүретінін ұғынып отыр», - дейді «Еуразия» сақтандыру компаниясы» АҚ-ның Басқарма төрағасы Борис Уманов.
Оның айтуынша, адамзат алдында тұрған ғаламдық мәселенің бірі - бүгіндері бүкіл әлемде байқалып отырған өсу ресурстарының шектері. Халықтың күрт өсуі және осыған орай тұтынудың өсуі, сондай-ақ климаттың өзгеруі халықты қажеттілігі жыл сайын артып келе жатқан азық-түлікпен, сумен әрі энергоресурстармен жабдықтауға қысым көрсетуде. Халықты азық-түлікпен, энергоресурстармен тұрақты қамтамасыз етуді қолдау үшін инфрақұрылымға тұрақты әрі елеулі инвестициялар қажет. Алайда бұл инвестициялар созылмалы фискальдық тапшылық жағдайында мүмкін емес. 2010 жылы әлемдік экономика тұрақсыз бағалар кезеңіне кірді. Бұл елдер, нарықтар, тіптен әлеуметтік топтар арасындағы дау-дамайға апарып соқтыруда. Көптеген елдер тұрақсыздық кедейлікке апаратын, ал кедейлік өз кезегінде тұрақсыздыққа апарып соқтыратын кедейлік пен тұрақсыздықтың өз-өзінен туындайтын циклдерінің қақпанына түсіп қалды.
«Бұл тұйық шеңберден шығудың жолын іздеу - ғаламның күн тәртібінде тұрған негізгі міндеттердің бірі. Оның үстіне тәуекелдің жаңа факторларының есебінен де құйын жылдамдығы артып келеді. Мысалы, араб елдері төңкерістерінің теңдессіз таралуына әлеуметтік желілер мен ғаламтор себепші деген сөз бар. Бүгінде бұл тәуекелді басқару ұзақ мерзімді келешекте тиімсіздігі айқын тыйым шараларына тіреліп тұр. Мемлекеттің әлеуметтік желілерге деген саналы консервативтік қатынасы толығымен ақталады деп сенемін», - дейді Б. Уманов