2010 жыл Ауғанстанда шешуші жыл болуы тиіс - НАТО бас хатшысы

БРЮССЕЛЬ. Ақпанның 2-сі. ҚазАқпарат /Ержан Оспанов/ - НАТО Бас хатшысы Андерс Фог Расмуссен бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдерімен болған кездесуде, 2010 жыл Ауғанстанда шешуші жыл болуы тиіс екенін мәлім етті.

Осы тұрғыда ол, ауған мәселесі, оның ішінде Альянс стратегиясын дамыту ақпанның 4-5-інде Ыстамбұлда өтетін қорғаныс министрлерінің кездесуінде басты назарда болатынын атап өтті.

НАТО-ға мүше елдердің қорғаныс министрлері ол кездесуде сондай-ақ, Косоводағы күштерді қысқарту мәселесін талқылайтын болады.