деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚР Статистика агентігінің бүгінгі таратқан хабарламасына сілтеме жасап.
«2010 жылғы қаңтар-наурыздағы жедел деректер бойынша жалпы ішкі өнім көлемі ағымдағы бағаларда 3881,6 млрд. теңгені құрады. 2009 жылғы сәйкес кезеңмен салыстырғанда ЖІӨ-нің нақты өсуі 7,1% пайызды құрады», делінген агентіктің хабарламасында.
Агенттіктің мәліметінше, ЖІӨ құрылымында тауар өндіру үлесі ЖІӨ-нен 41,1 пайызды, ал қызмет көрсету - 55,8 пайызды құрады.
Айта кетейік, осы сейсенбідегі Үкімет отырысында Премьер-Министр Кәрім Мәсімов Қзақстанда 2010 жылдың алғашқы 4 айында Ішкі жалпы өнімнің өсімі 7,6 пайызды құрағанын мәлімдеді. «2008-2009 жылдарда біздер экономиканың бір саласынан екінші саласына өткен дағдарыс жағдайында өмір сүрдік. Қазір тоннелдің соңындағы жарық айқын көрініп тұр. Маған бүгін таңертең Статистика агенттігі алғашқы 4 айдың нәтижесін баяндады. Олар айтарлықтай көңіл қуантады. Алғашқы 4 айда ішкі жалпы өнім алдын ала дерек бойынша, 7,6 пайызды құрады», деді Премьер-Министр. Үкімет басшысының пікірінше, бұл іс жүзінде тәуір нәтиже болып табылады.