Diagram сыйлығын табыс ететін The Bookseller журналының өкілі Хорас Бент, бұл кітаптың атауы «ешкімнің ақылына сыймайтын атау» екенін айтып отыр, деп хабарлайды Utro.ru сайты.
Осынау атауы ерекше кітаптың авторы Нью-Йорктегі Корнелла университетінде математикадан сабақ береді. Кітапта сөз болған гиперболалық жазықтық әдетте визуальды түрде дәлелдеу қиынға түсетін эвклидті емес геометрияға жатады. Дайна Тэймине ханым осы мысалды тоқыма маталарды пайдалана отырып дәлелдеген.
Дайне ханымның туындысына негізгі бәсекелес болған кітап - «Үшінші рейхтің коллекциялық қасықтары» деп аталатын анықтағыш болды.