деп хабарлайды ҚазАқпарат.
«2010 жылғы сәуірде жұмыссыздар саны, бағалау бойынша 535,3 мың адамды құрады. Жұмыссыздық деңгейі экономикалық белсенді халық санына 6,1% құрады», делінген ҚР Статистика агенттігінің бүгінгі таратқан хабарламасында.
Агентіктің Жұмыспен қамту органдарында жұмыссыздар ретінде тіркелгендер саны 2010 жылғы сәуірдің соңына 87,4 мың адамды құрады немесе экономикалық белсенді халық санының 1,0 пайызы. Жасырын жұмыссыздық деңгейі, бағалау бойынша экономикалық белсенді халық санының 0,5 пайызын құрап отыр.