Бұл туралы бүгін ҚР Үкіметінің басшысы Кәрім Мәсімовтың қатысуымен өткен ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің кеңейтілген алқа мәжілісінде ведомство басшысы Салидат Қайырбекова айтты.
«АҚТҚ жұқпасының таралуы - 0,18 пайыз деңгейінде, болжамды көрсеткіш 0,5 пайыз болатын. Өткен жылы АҚТҚ-ны жұқтырғандардың саны 2009 жылмен салыстырғанда 4 пайызға төмен болды», - деді министр.
Айта кетейік, 2009 жылы Қазақстанда АҚТҚ жұқпасына шалдыққан 2072 науқас анықталды, оның 28 - балалар.