Статистика басқармасы мәлім еткендей, былтырғы жылы аймақ бойынша, атап айтқанда Ақтөбе қаласында, Байғанин, Қобды және Шалқар аудандарында 1 010 оқушыға арналған жалпы білім беретін 4 мектеп пайдалануға берілген.
Сонымен қатар 760 бүлдіршінге арналған 8 балабақша қатарға қосылды. Ақтөбе қаласында 200 төсектік балалар ауруханасы салынса, осы қалада және облыстың 7 ауданында бір ауысымда 750 адамды қабылдай алатын 10 амбулаториялық-емханалық мекемелер бой көтерді.