ОРАЛ. Желтоқсанның 1-і. ҚазАқпарат /Ғайсағали Ералы/ - 2010 жылы Батыс Қазақстанда «Жол картасына» сәйкес 4 млрд. 690 млн. теңге бөлу қарастырылып отыр.
Бұл туралы Мәжіліс депутаттары Шавхат Өтемісов, Виктор Киянский және Елена Тарасенко өткізген баспасөз мәслихатында айтылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Қыруар қаржы 60 нысанның құрылысына және күрделі жөндеуіне жұмсалып, жаңадан 5 мың жұмыс орны ашылмақшы. «Осы қаражаттың дер уақытында бөлініп, мақсатты жұмсалуына біз де мүдделіміз», деген Мәжіліс депутаттары өңірде «Жол картасының», газдандыру бағдарламасының және энергетикалық тәуелсіздікке қол жеткізу жобаларының табыспен жүзеге асырылып жатқанын атап өтті.
Ғайсағали Сейтақ
1980 жылы А. Пушкин атындағы Орал педагогикалық институтын (М. Өтемісұлы атындағы БҚУ) қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы бойынша бітірген. Тасқала аудандық «Екпін» газетінде тілші, бөлім меңгерушісі болды. Облыстық «Орал өңірі» газетінде тілшіліктен бас редакторлыққа дейінгі жолдан өтті. «Жайық Пресс» ЖШС бас директорының бірінші орынбасары қызметін атқарды. 2000 жылдан бері Kazinform халықаралық ақпарат агенттігінің БҚО-дағы меншікті тілшісі. Қазақстан Жазушылар және Журналистер одағының мүшесі. Республикалық «Жалын» журналы белгілеген Төлеген Айбергенов атындағы сыйлықтың (1987) және спорт журналистері арасында Сейдахмет Бердіқұлов атындағы сыйлықтың лауреаты (2015). «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері. Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты (2024).