Бұл жоспардың 105,7 пайызын құрады. Осы жайында бүгін Үкімет басшысы Кәрім Мәсімовтің қатысуымен өткен Қаржы министрлігінің алқа мәжілісінде аталған ведомствоның басшысы Болат Жәмішев мәлім етті.
«Бұл ретте республикалық бюджетке 3 729,2 млрд. теңге түсті. Атап айтқанда жоспар 106 пайызға орындалды»,-деді министр.
Ведомство басшысының сөзіне қарағанда, мемлекеттік бюджеттің шығыстары 4 934,1 млрд. теңгені құрады немесе 98,3 пайызға атқарылды. Ал республикалық бюджет шығыстары 4 284 млрд. теңгеге немесе 99,1 пайызға орындалды. Игерілмей қалған қаржы көлемі 37,5 млрд теңгеге жетті. Бұл көрсеткіш 2009 жылмен салыстырғанда 22, 6 млрд. теңгеге төмен. «Оның ішінде 14 млрд. теңге мемлекеттік сатып алулар нәтижелері бойынша үнемдеу және бөлінетін бюджеттік бағдарламалар тұрғысындағы қаражаттың бөлінбеген қалдығы есебінен қалыптасты»,-деді Б. Жәмішев.