Бұл туралы бүгін Мұнай және газ министрлігінің өткен жылдағы қорытындысына, сондай-ақ биылғы жылдың міндеттеріне арналған алқа мәжілісінде таратылған мәліметтерде көрсетілген.
Экспортталған мұнайдың көлемі 71,2 млн. тоннаны құрады. Бұл көрсеткіш өз кезегінде 2009 жылға қарағанда 4,5 пайызға артық. Мұнай экспортының негізгі көлемі Каспий құбыр консорциумы арқылы тасымалдынды (40,2 пайыз). Ал, «Атырау-Самара» құбырымен 21,5 пайызы, «Атасу-Алашаңқай» құбырымен 14,2 пайызы экспортталды.