2010 жылы Табиғи монополияларды реттеу жөніндегі агенттіктің Алматы облысы бойынша департаментіне 220-дан астам өтінім келіп түсті

ТАЛДЫҚОРҒАН. 25 қаңтар. ҚазАқпарат /Сандуғаш Дүйсенова/ - ҚР Табиғи монополияларды реттеу жөніндегі агенттіктің Алматы облысы бойынша департаментінде «Департаменттің 2010 жылғы жұмыс нәтижелері мен 2011 жылға арналған жоспарлары» тақырыбында кеңейтілген алқа мәжілісі болып өтті.

Оның жұмысына өкілетті және атқарушы органдардың өкілдері, мәслихат депутаттары, қоғамдық бірлестіктер мен табиғи монополиялар субъектілерінің өкілдері қатысты.

ҚР Табиғи монополияларды реттеу жөніндегі агенттіктің Алматы облысы бойынша департаментінің директоры Байсейіт Түймебаев хабарлағандай, барлығы 2010 жылы 221 өтінім келіп түсті, оның ішінде қолданыстағы тарифтерді өзгертуге және жаңа тарифтерді бекітуге қатысты - 86, техникалық реттеуге қатысты- 93 өтінім бар.