деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Оның сөзіне қарағанда, осы іспетті жоба Қытай астанасы- Бейжің олимпиадасы кезінде қолға алынған болатын. «Бізде қажетті тәжірибе бар. Сондықтан біз оны Қазақстанда жүзеге асыруды жоспарлап отырмыз», - дейді А.Балжинням.
БҰҰ-ның өкілі атап көрсеткендей, 2011 жылғы Азия ойындары кезінде барлық спорттық сайыстарға волонтерлерді көптеп тарту көзделген. «Онымен біз еріктілердің қызметін насихаттап қана қоймай, волонтерлер жүйесін дамытуды жоспарлаудамыз. Меніңше, ол үшін Қазақстанда барлық мүмкіндіктер бар», - деп атап көрсетті А.Балжинням.