деп хабарлайды ҚазАқпарат аталған ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Бүгінде Азия Олимпиадалық кеңесі AWAGOC-тің 5 офицеріне сертификаттарды тапсырды. Министрлік тағы да 17 офицерді даярлауды жоспарлап отыр. Антидопингтік зертхана WADA аккредитациясын алуға техникалық жағынан толық дайын. Атап айтқанда WADA осыған дейін дайындық жұмыстарына өзінің оң бағасын берген болатын.
Сонымен бірге, Үйлестіру комитеті Қайрат Ержановты Азия Олимпиадалық кеңесінің медициналық комитетінде Қазақстанның өкілі лауазымына келісімін берді.