Оны Алматы қаласының әкімі Ахметжан Есімов бүгін мемлекеттік бақылаудың тиімділігін арттыру жөніндегі республикалық маңызы бар екі қала мен облыс әкімдіктері аппараттары жетекшілерінің қатысумен өтіп жатқан республикалық семинарда айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
"Сәуірде Президент Алматыда мәжіліс өткізді. Біз бірқатар мәселелер бойынша өтініш білдірдік. Президент шешім қабылдап 27 миллиард теңге бөлді. Оның орындалуын Президент әкімшілігі қадағалады. Қазіргі таңда метроға бөлінген 14 милиард теңге игеріліп, қосымша 4,4 миллиард теңге бөлініп отыр. 2011 жылғы қысқы Азия ойындары өтетін нысандарға бөлінген 7 миллиард теңге де игерілді. Бізде тек Медеу мен Шымбұлақта 2 подстанция салуға бөлінген 6 миллиард теңгені игеруді бақылау ғана нашар. Нысандарды қаржыландыру жобасының әкімшісі боп "Самрұқ-Энерго" бекітілген болатын", дейді Ахметжан Есімов. Қала әкімінің сөзіне қарағанда, қазір бұл жұмыс кешеуілдеп келе жатыр. Олар кемінде 1 жылда салынуы керек. Ал 1 жылдан кейін онда Азияда ойындары өтпек.