Өңір басшысының сөзіне қарағанда, 2010 жылы аймақ бойынша 365 млрд. теңге көлеміндегі инвестиция тартылған, бұл 2009 жылдағы көрсеткіштен 12 пайызға артық. Өнеркәсіптік өнімді шығару көлемі 950 млрд. теңгеге жеткен.
«Экономиканың дамуындағы жақсы көрсеткіштердің басым бөлігі индустриялық-инновациялық жобаларды іске қосу есебінен болды. Былтырғы жылы біз 365 млрд. теңгенің инвестициясын тартсақ, биылғы жылы бұл көрсеткіш 400 млрд. теңгеден кем болмайды, олардың негізгі бөлігі мемлекеттік үдемелі индстриялық-инновациялық даму бағдарламасының арқасында болмақ», - деді облыс әкімі.