«Ағымдағы жылғы жоспарларға тоқталатын болсақ, біріншіден, мал шаруашылығының ет экспорты әлеуетін арттыру жұмыстары жалғастырылады. Мал шаруашылығын дамытуға, шағын және орта фермерлік шаруашылықтарды несиелендіруге бюджеттен бөлінген қаражат есебінен 14,9 млрд. теңге бағыттау жоспарланып отыр», - деді ол.
Сондай-ақ А.Мамытбековтың сөзіне қарағанда, биыл бордақылау алаңдары мен қасапханаларды салуға және кіші фермерлік шаруашылықтарды құруға арналған инвестициялық жобаларды қаржыландыру жалғастырылады.