Бұл туралы бүгін секторлық тәртіптегі Үкімет отырысында Қазақстанның Астық одағының президенті Нұрлан Тілеубаев мәлім етті.
«Меніңше, Қазақстанда маусым-шілде-тамызда экспорттың жандануы болады. Бидай күйінде экспортқа 4,5 млн. тонна және 1,8 млн. тонна ұн шығарылады. Яғни, астық эквивалентінде бұл шамамен 2,3 млн. тонна. Барлығын есептегенде 6,5-7 млн. тонна болады»,-деп түсіндірді ол.