Жамбыл ауданының Аса ауылында Амангелді кен орнының шикі мұнайын өңдейтін зауыт құрылысы жобасын жүзеге асырып жатқан «Амангелді ГПЗ» ЖШС-і бензин, дизельді жағармай мен мазут өндіретін кәсіпорын салуда.
«Амангелді ГПЗ» ЖШС тараздық бөлімшесінің директоры Оралбай Исақаевтың айтуынша, үстіміздегі жылдың соңына қарай зауыт құрылысының бірінші сатысы аяқталады.
2011 жылдың екінші жартысында құрылыстың келесі сатысы жоспарланып отыр, оның барысында еуропалық стандарттарға сай жоғары октанды бензин шығару жолға қойылмақ. Қазіргі уақытта жобалау және дайындық жұмыстары жүргізілуде.