Атап айтқанда, агенттіктің таратқан мәліметтеріне қарағанда, 2012 жылғы қаңтарда инфляция 0,3 пайызды құрады. Баға көтерме саудада бір ай ішінде 0,1 пайыз, ауыл шаруашылығында - 0,2 пайыз, құрылыста - 0,3 пайызға өсті. Ал өнеркәсіпте 1 пайызға төмендеді. Бұдан бөлек, тарифтер заңды тұлғаларға көрсетілген пошталық және курьерлік қызметтеріне 0,1 пайызғаға жоғарылады. Ал заңды тұлғаларға көрсетілген байланыс қызметтеріне - 0,2 пайызға төмендеген.
19:12, 07 Ақпан 2012
2012 жылғы қаңтарда экономиканың жекелеген сегменттерiндегі бағалар өзгердi
АСТАНА. 7 ақпан. ҚазАқпарат /Қанат Мәметқазыұлы/ - Статистика агенттігінің хабарлауына қарағанда, 2012 жылғы қаңтарда елімізде экономиканың жекелеген сегменттерiндегі бағалар өзгердi.