Бұл туралы бүгін Денсаулық сақтау министрлігінің 2011 жылдағы қорытындысына арналған алқа мәжілісінде аталған ведомствоның басшысы Салидат Қайырбекова мәлім етті.
Министрдің айтуынша,қоғамдық денсаулықты нығайту бағытында міндеттерді бірлесіп шешу үшін үкіметтік емес ұйымдарды тарту мақсатында емделушілердің құқығын қорғау бойынша қоғамдық кеңес құрылған көрінеді. Осы тектес кеңестер еліміздің барлық өңірлерінде жасақталды.
Өткен жылы алғаш рет мемлекеттік әлеуметтік тапсырыстар үкіметтік емес ұйымдар арасында орналастырылды. Осы мақсаттарға 284 млн. теңге бөлінді. «Ағымдағы жылы әлеуметтік жобаларды жүзеге асыруға жалпы 303 млн. теңге бөлінді. Бұл тұрғыдағы жұмыстар жалғасын тауып, кеңейетін болады»,-деп түйіндеді ведомство басшысы.