2012 жылы Қаржы полициясы қызметкерлеріне қатысты пара алу фактісі бойынша 7 қылмыстық іс қозғалды

АСТАНА. 25 желтоқсан. ҚазАқпарат - Агенттіктің өз қатарларын лайықсыз қызметкерлерден тазарту және олардың жасаған қылмыстарын ашу бойынша жұмысының жүйелі және ілгерілеушілік сипатқа ие болды.

Бұл туралы Қаржы полициясы агенттігі жанындағы Сыбайлас жемқорлыққа және көлеңкелі экономикаға қарсы күрес бойынша қоғамдық кеңесте Ішкі қауіпсіздік қызметі басқармасының бастығы Нығметжан Сапаров мәлім етті.

Аумақтық бөлімшелердің ішкі қауіпсіздік бөлімдерінің мәртебесі оларды Агенттікке тікелей бағындыру арқылы жоғарылатылды.

Қабылдаған шаралардың арқасында Агенттік күшімен 16 қызметкерге қатысты сыбайлас жемқорлық қылмыстар бойынша 16 қылмыстық іс қозғалды. Олардың 7 пара алу фактісі бойынша. Ал 2007 жылдан бастап пара алу фактісі бойынша жыл сайын 2 қылмыстық істен ғана қозғалған.

Ағымдағы жылғы 15 ақпанда Агенттіктің Ішкі қауіпсіздік басқармасы «Сити Лайт» ЖШС тексеруді тоқтату үшін 30 мың АҚШ доллары көлемінде пара алу үстінде Алматы қаласы бойынша ЭСЖКД инспекторы У.Хасановты ұстады. Ол 10 жылға бас бостандығынан айыруға сотталды.

2012 жылғы 21 маусымда Ақтөбе облысының ҰҚКД қызметкерлерімен бірігіп жасалған жедел-іздестіру шараларының нәтижесінде Донцованы қылмыстық жауапкершілікке тартпау үшін одан 30 мың АҚШ долларын алу кезінде Ақтөбе облысы бойынша ЭСЖКД тергеушісі А.Госсен ұсталды. Ол 10 жыл бас бостандығынан айыруға сотталды.

Қаржы полициясы органдарының ішкі қауіпсіздік бөлімшелерімен 2012 жылы 1166 (2011ж. - 1564) қызметтік тексеріс жүргізілді, 665 (885) факті расталып, қаржы полициясының 709 (2011ж. - 934) қызметкері тәртіптік жауапкешіліктің түрлі жазаларына тартылды.

Н.Сапаров бұл статистиканың қызметкерлердің іс-әрекетіне қатысты түсетін арыз-шағымдардың азаю, сондай-ақ халықтың қаржы полициясы органдарының өз қатарларындағы сыбайлас жемқорлықпен күреске деген сенімінің арту динамикасын көрсететіндігін айтты.