Орындау үшін бір жыл ішінде 28 мыңнан астам сот актілері келіп түсті, олардың 73 пайызы орындалды.
«Сот орындаушылардың араласуы арқасында 97 адам қайта жұмысқа орналастырылды. Түрлі компаниялар мен фирмалардың 574 қызметкеріне 123 млн.-нан астам теңге мөлшерінде жалақы төленді. Екінші деңгейліі банктердің пайдасына 698 млн. теңге өндірілді. Еңбек құқық бұзушылықтардың сот актілері бойынша 767 қызметкердің пайдасына 65,5 млн. теңге өндіріп алынды», - деді жыл қорытындысын шығарған Маңғыстау облыстық сот актілері жөніндегі департаменттің басшысы Жаңабай Кемелханов.
Бір жыл ішінде соттың шешімін орындаудан бас тартқан 455 жауап беруші әкімшілік, 4-еуі қылмыстық жауапкершілікке тартылды.
11 айда атқарылған жұмыстар бойынша департамент үшінші орын алды.