2012 жылы ОҚО-да жол апаттарында 58 бала ажал құшты

ШЫКЕНТ. 16 қаңтар. ҚазАқпарат - ОҚО Іші істер департаментінің баспасөз қызметінен хабарланғандай, 2012 жылы Оңтүстік Қазақстан облысында балалардың қатысуымен барлығы 348 жол-көлік апаты тіркелді.

Салдарынан 58 жасөспірім көз жұмды, 331-і зардап шекті.

Осыған байланысты ОҚО ІІД Жол полиция басқармасы «Ақылды жаяу жүргінші» кең ауқымды алдын алу іс-шарасын өткізуде. Оның барысында мектеп оқушылары мен балабақшалардың тәрбиеленушілеріне жол қозғалысы ережелері үйретілуде.