Атап айтқанда, бұл жоба Мемлекет басшысының 2013 жылғы 3 желтоқсанда қол қойған алдағы үш жылдық кезеңге арналған республикалық бюджетті атқаруға қабылданады.
ҚР Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігі Ерболат Досаевтың сөзіне қарағанда, бюджет кодексінің талаптарына сәйкес қалыптастырылған қаулы жобасында облыстық, Астана мен Алматы бюджеттеріне ағымдағы нысаналы трансферттер мен несиелер сомаларын бөлу; қаражаттың бір бөлігін «Бизнестің жол картасы - 2020», «Жұмыспен қамтудың жол картасы - 2020» және «Моноқалаларды дамыту 2012-2020» бағдарламалары бойынша бөлу; мемлекеттік органдарға берілген 2014 жылға арналған бюджеттің уақытылы атқарылуын қамтамасыз ету жөніндегі және басқа да тапсырмалары ескерілген.
Сонымен қатар министр жергілікті атқарушы органдарға құрылыс және тұрғын үй құрылысы, ауыз сумен қамтамасыз ету, білім, денсаулық сақтау мен мектепке дейін білім беру ұйымдарының нысандарын жаңғыртуға арналған конкурстық рәсімдердің заңнамада бекітілген жаңа тәртіппен хабарландырылуын қамтамасыз ету керектігін атап өтті.
«2014-2018 жылдарға арналған стратегиялық жоспарлардың жобаларын және стратегиялық жоспар әзірлемейтін мемлекеттік органдар бойынша бюджеттік бағдарламаларды заңнамада бекітілген мерзімде келісу қамтамасыз етілсін»,-деп түйді Е. Досаев.