АСТАНА. 17 қазан. ҚазАқпарат - 2014 жылдың 1 қаңтарынан «А» корпусы мемқызметшілерінің жалақысы 50 пайызға артады.
Бұл туралы бүгін «А» басқарушы корпусы мемлекеттік қызметшілер мен кеңес өткізген Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев айтты.
Мемлекет басшысы «А» корпусы мемлекеттік қызметшілерінің жалақасы жоғары болуы керектігін айта келе: «2014 жылдың 1 қаңтарынан бастап сіздердің жалақыларыңыз 50 пайызға артатын болады», - деді.
Марлан Жиембай
Абай облысының Аягөз ауданында дүниеге келген. Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің филология факультетін бітірген. 2005 жылдан бері "ҚазАқпарат" халықаралық ақпарат агенттігінде жұмыс істейді.