2014 жылы қазақстандық мөлшердің үлес салмағы 90 пайызға жетеді - индустрия және сауда министрі Ә. Исекешов

sp;Қыркүйектің 29-ы. Ақпарат /Ернұр Ақанбай/ - Орта мерзімді кезеңге арналған қазақстандық мөлшерді дамыту жөніндегі Тұжырымдаманы жүзеге асыра отырып, 2014 жылы жұмыстар мен қызметтер бойынша қазақстандық мөлшердің үлес салмағын 90 пайызға жеткізу жоспарланып отыр.

Бұл туралы бүгін Үкімет отырысында  Индустрия және сауда министрі Әсет Исекешов айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

 «5 жылдық Тұжырымдаманы жүзеге асырудың қорытындысы бойынша, 2014 жылы жұмыстар мен қызметтер бойынша қазақстандық мөлшердің үлес салмағын 90 пайызға дейін, ал тауарлар бойынша 50 пайызға жеткізу жоспарланып отыр», деді отырыста Ә. Исекешов.

 Оның сөзіне қарағанда, 2012 жылы өнеркәсіп өндірісінің көлемі 37 пайызға немесе 1 трлн. 400 млрд. теңгеден астамға ұлғаяды. Ал өңдеуші өнеркәсіп саласында еңбек ететіндердің саны 20 мың адамға көбейеді.