«2015 жылғы шаралар айтарлықтай белсенді болды және қызметтің көптеген бағыттары бойынша елеулі ілгерілеушілікті байқап отырмыз. Дағдарысқа қарамастан, бөлек көрсеткіштер тұрғысында рекордтық нәтиже болды. Жобаларды қолдау мен алға жылжыту аясында негізгі тетіктердің бірі ретінде инновациялық гранттар болып табылады. Гранттық бағдарламаны жүзеге асыру барысында 2015 жылы рекордтық деңгейдегі өтінімдер келіп түсті, яғни оның саны 462-ге жетті. Олардың ішінде сарапшылардың қорытындысы бойынша жалпы сомасы 1 млрд. 623 млн. теңгенің 51 жобасына қолдау жасалды», - деді Ж. Сәлімов.
Оның сөзіне қарағанда, қалған өтінімдер қазіргі кезде қаралып жатыр және бір айдың ішінде тиісті шешім шығарылмақ.
ТДҰА мәліметіне қарағанда, грант алушылардың арасында «Ғалам», «Электровоз құрастыру зауыты» және «Swissgrow» секілді компаниялар бар. Белгілі болғандай, «Ғалам» ЖШС ғарыштық аппараттар үшін қажетті күн сәулесінің қуатын анықтайтын құрылғыны өндіретін жаңа технологияны енгізуде.
«Гранттық бағдарламаның нақты тиімділігі туралы айтатын болсақ, 2015 жылы инновациялық жобаларды жүзеге асыру барысында 800-ге жуық жұмыс орны, оның ішінде 403-і кәсіпорындарда, 343-і стартап жобалардың негізінде құрылды. Грант алушылар өткен жылы 1,25 млрд. теңге көлемінде салық төледі, 22 млрд. теңгенің өнімін шығарды. Сонымен қатар сыртқы нарыққа шығарылған экспорт көлемі 8 млрд. теңгеге жуықтады», - деді Ж.Сәлімов.