«Депутаттардың ұсынысын ескере отырып, 2016-2018 жылдары білім мен ғылымға 1 трлн. 165,4 млрд. теңге бағыттау көзделуде. Оның ішінде 399,3 млрд. теңгесін 2016 жылы бөлу қарастырылған, - деді министр.
Экономика саласындағы техникалық-кәсіби және жоғары оқу орындарынан кейінгі білімі бар білікті мамандарын дайындауға министрлік үш жылда 456,8 млрд. теңгені шығындауды жоспарлауда. 2016 жылы осы мақсатқа 152,3 млрд. теңге бөлінбек.
«Нәтижесінде 2019 жылы ауылшаруашылық, техникалық, педагогикалық мамандықтар бойынша түрлі профильді 117 маманды оқытып шығару жоспарда бар», - дейді Б.Сұлтанов.
Оның сөзіне қарағанда, жақын жылдары ғылыми зерттеулер барысында жасақталған жаңалықтарды нарыққа енгізу ұлттық экономикаға оң әсер етеді.
«Осы мақсатта, бюжеттік қаражаттың тапшылығына қарамастан, ғылыми және ғылыми-техникалық жобаларды жүзеге асыруды қаржыландыру көлемі қалдырылды. Үш жылдық мерзімде оған 56,8 млрд. теңге бөлінеді. Оның ішінде 2016 жылы 21,8 млрд. теңге бағытталады», - деп түйді сөзін министр.