АСТАНА. 17 сәуір. ҚазАқпарат /Марлан Жиембай/ - 2016 жылға қарай ЖІӨ деңгейі жан басына шаққанда кемінде 15 мың долларға жетуі тиіс. Бұл туралы бүгін Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев ҚР Үкіметінің кеңейтілген мәжілісінде айтты.
«Бұл үшін экономика жыл сайын кемінде 7 пайыздық өсім көрсету керек», - деп баса айтқан Н.Назарбаевтың пайымдауынша, осы орайдағы Үкіметтің және барлық мемлекеттік органдардың басты міндеті - халқымыздың әл-ауқатын жақсартуды қамтамасыз ету болуы қажет.
«Таяу бесжылдықта біз табысы жоғары деңгейлі елдер тобына енуіміз қажет», - деді Мемлекет басшысы.
Марлан Жиембай
Абай облысының Аягөз ауданында дүниеге келген. Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің филология факультетін бітірген. 2005 жылдан бері "ҚазАқпарат" халықаралық ақпарат агенттігінде жұмыс істейді.