2016 жылы Қазақстанның индустриялық аймақтарына 6 млрд теңге көзделген - ҚР ҰЭМ
«Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламасы аясында Қазақстанның әртүрлі облыстарындағы индустриялық аймақтарды қаржыландыру бойынша бірқатар бағыттар көзделген. 2015 жылы біз 5,5 млрд. теңге көлемінде қаржыландырдық, 2016 жылы Қазақстанның 5 облысындағы 6 индустриялық аймақты 6 млрд. теңге сомасында қаржыландыру жоспарлануда», - деді А.Арифханов Астана экономикалық форумы-2016 ауқымында елордада өтіп жатқан Ұлы Жібек жолы елдерінің форумында.
Алайда ол бұл индустриялық аймақтар қай аймақтарда екенін нақтылаған жоқ.
Арифхановтың мәліметтеріне қарағанда, бүгінде республикада 42 индустриялық аймақ бар, олардың жалпы ауданы 8,5 мың гектар болатын 14-і ғана - іс үстінде, қалған 27-сінің құрылысы жүргізіліп жатыр.
«Қазіргі жұмыс істеп тұрған аймақтарда 2 млрд. доллардың шамасында инвестициялар тартылып, 332 жоба орналастырылған. Тұтастай алғанда, жобаланған индустриялық аймақтар құрылғаннан кейін оларды нақты жобалармен толтырып, инвестициялар тарту қажет болады», - деді вице-министр.