«ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі мамандары міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру бойынша Жол картасын әзірлеп, бекітті. Аталған құжатқа сәйкес, биыл нормативтік-құқықтық база жасалып, Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры (ӘМСҚ) құрылатын болады. Бұл 2017 жылғы 1 қаңтардан бастап белгіленген соманы жинақтау және 2017 жылғы 1 шілдеден бастап ӘМСҚ арқылы медициналық қызметтер төлемдерін жүзеге асыруға мүмкіндік береді», - деп атап өтілген министрлік мәліметінде.
10:48, 18 Ақпан 2016
2017 жылдан Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорына аударымдарды жинақтау басталады
АСТАНА. ҚазАқпарат - 2017 жылғы 1 қаңтардан Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорына тиісті қаржы соманы жинақтау басталады. Бұл туралы бүгін Астанада Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің кеңейтілген алқа мәжілісі барысында мәлім болды.