деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Қазақ спорт және туризм Академиясының ректоры Қайрат Закирьяновтың айтуынша, егер Қазақстан өз тарапынан Дүниежүзілік қысқы универсиаданы Алматыда немесе Астана қаласындаөткізу туралы өтініш білдірсе, Халықаралық Олимпиада комитеті және спорт университетінің Халықаралық Федерациясы қолдау көрсетеді.
Бұл мәселе жақында қазан айының 7-11-і күндері Қазақ спорт және туризм Академиясыда өткен «Заманауи Олимпиадалық спорт және спорт баршаға» атты ХІІІ-ші Халықаралық ғылыми Конгресте айтылған болатын. Конгреске қатысқан дүниежүзінің 34 елінен келген өкілдер, Алматы және облыстағы тау шаңғысы базаларында, салынып жатқан 2011 жылғы Қысқы Азия ойындары құрылыстарымен танысқан еді. Конгресс Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевпен Халықаралық Олимпиада комитетінің президенті Жак Роггенің қолдауымен өткен болатын.