Тозығы жеткен жылыту коммуникацияларын ауыстыру жұмысы өткен жылы басталған. Ол кезде 400 метр құбыр жаңартылды. Биыл тағы 300 метр жөнделуде. Қазір ескі құбырлар жөнделіп, жаңасы орнатылуда. Жұмыс 20 қыркүйекте аяқталады, деді Зыряновск ауданы әкімінің орынбасары Асхат Бұқатов.
Орнатуға уақытты үнемдеуге заманауи технологияларды пайдаланудың септігі тиюде. «Біз дайын оқшауландырғыш қабықшамен пенополиуреатанды құбырлар орнатамыз, - деді «ВК ТЕХНОГРУПП» ЖШС жетекші инженері Мерей Сәбетов. - Дайындаушы зауыт 20 жылға кепілдік береді».
Зыряновтықтар жұмыс мерзімінде, яғни 2017 жылы аяқталатынын мәлімдеді. Жылу желілерін жөндеу жылумен жабдықтау жүйесінің сапасын жақсартуға, желілердегі шығынды азайтуға мүмкіндік береді.