«Бізге сәулетшілер ұсынған Астана құрылысы жобасының негізгі идеясы - бұл қаланың симбиозы, темірбетон және адам - жүзеге асырылуда. Біздің қала біртіндеп жасыл желекке оранып келеді», - деді Мемлекет басшысы.
ҚР Президетінің атап өтуінше, елорданың жасыл желекке оранған гүлзарының ауданы миллиондаған шаршы метрге жетіп отыр.
«Бұл жұмыстар 2020 жылға дейін жалғасады. Яғни, қалаішілік және қала маңы аумағының жалпы алғанда 100 мың гектар жері жасыл желекке оранатын болады. Мен Астана орманының Бурабай аймағымен қосылып, тұтас орман алқабын құрайтындығына сенімдімін», - деді Елбасы.