2020 жылға қарай Қазақстанның Ішкі жалпы өнімінің өсімі кем дегенде 30 пайызды құрайтын болады-Елбасы

АСТАНА. 28 қаңтар. ҚазАқпарат /Айдар Оспаналиев/ - 2020 жылға қарай Қазақстанның Ішкі жалпы өнімінің өсімі кем дегенде 30 пайызды құрауы тиіс. Бүгін ҚР Парламенті палаталарының бірлескен отырысында Қазақстан халқына арнаған Жолдауында Мемлекет Басшысы Нұрсұлтан Назарбаев осылай мәлімдеді.

«Таяудағы 10 жылға арналған Стратегиялық жоспардың мақсаттарын тағы бір еске саламын. 2020 жылға қарай біз мынадай көрсетекіштергше қол жеткізуіміз керек. ІЖӨ-нің өсімі кем дегенде 30 пайыз болуы тиіс. Өңдеуші өнеркәсіптегі өсім қазып шығаратын саланың деңгейінен асып түсетін немесе жететін болады. Ұлттық қордың активтері ІЖӨ-нің кем дегенде 30 пайызын құрайтын болады. Экономиканың шикізаттық емес секторындағы отандық және шетелдік инвестициялар кем дегенде 30 пайызға ұлғаяды. Шағын және орта бизнестің ІЖӨ-дегі үлесі 40 пайызды құрайды", - деді Н. Назарбаев. .