Олардың басым көпшілігі Тәжікстан, Қырғызстан және Қазақстан азаматтары. Бұл туралы мемлекеттегі Статистика агенттігінің ақпарат қызметі хабарлады.
Жылдың алғашқы 3 айында ең көп туристер Тәжікстаннан (536,5 мың), Қырғызстаннан (442 мың) және Қазақстаннан (262,6 мың) барған.
Сондай-ақ, елге Ресейден 134 200, Түркіменстаннан 31 000, Түркиядан 21 500, Үндістаннан 11 600, Қытайдан 10 000, Оңтүстік Кореядан 7 600 және Германиядан 3 800 турист келген.
Басқа елдердің үлесіне 58 500 турист тура келді.
Естеріңізге сала кетейік, биыл Өзбекстан 2,2 млн қазақстандық туристі қабылдауға ниетті.