Бүгінде елімізде жүрек пен қан тамырлары ауруларын емдеуге арналған күрделі хирургиялық араласулардың кең ауқымы орындалады. Заманауи технологиялар мен кардиохирургиялық орталықтардың жоғары деңгейде жабдықталуы пациенттерге жоспарлы түрде де және шұғыл араласуды қажет ететін жедел жағдайларда да мамандандырылған медициналық көмек көрсетуге мүмкіндік береді.
-Қазақстандықтарға жоғары технологиялық кардиохирургиялық көмек медициналық көрсетілімдер бойынша тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесі аясында көрсетіледі,-делінген хабарламада.
Осыған дейін балаларды шетелге кардиохирургиялық емге жолдау 5,2 есе қысқарғаны туралы жаздық.