Қазақстанда бір ғасырдай уақыт бойы өндіріліп келе жатқан көмірсутек ресурстарының кейбір көрсеткіштеріне тоқталған министр, «Мемлекет 2020 жылға қарай мұнай экспортын барынша азайтып, ішкі тұтынуды толық қамтамасыз ете алады. Қазақстандық мұнай экспортының 90 млн. тоннаға тең ең жоғары деңгейі 2025 жылы күтілуде», - деді.
Ұ. Қарабалиннің атап өтуіне қарағанда, мұнайды сыртқы нарықтарға тасымалдаудың негізгі экспорттық бағыттары ретінде Каспий Құбыр Консорциумы, Атырау-Самара, Қазақстан - Қытай мұнай құбырлары болады деп болжануда.