21 қаңтар СЕЙСЕНБІ Достық құшақтың халықаралық күні. Бұл жаңа мерекенің дәстүрі бойынша танымайтын адамды да достық құшағына алуға болады. Мереке батыс еуропалық студент жастардан бастау алады. Ресей Федерациясының инженерлік әскері күні. Польшада әже күнi. Бұл күні Польшада ересек және кішкентай немерелері өз әжелерін «Әже күнімен» құттықтайды. ЕСТЕ ҚАЛАР ОҚИҒАЛАР 22 жыл бұрын (1992) Орал ғылыми орталығы құрылды. Мекеменің ғылыми жұмыстарының негізгі бағыты облыстық жер қойнауындағы су қорларын зерттеу және оны кешенді игеру, су-экология, топырақ және биотехнология мәселелеріне арналған. Сондай-ақ аталмыш орталық Батыс Қазақстандағы мұнай-газ кен орындарын барлау және игеру үшін гидрогеологиялық зерттеулер жүргізеді. 60 жыл бұрын (1954) «General Dynamics Electric Boat» компаниясы құрастырған «Наутилиус» атты американдық кеме Гротонда (АҚШ, Коннектикут) суға түсірілді. «Наутилиустің» ұзындығы - 98,7 метр, ал ені 26,8 метр. 80 жыл бұрын (1934) Украина астанасы Харьковтан Киевке ауыстырылды. 17 жыл бұрын (2007) Алматыдағы Магнитогор көшесі актер, КСРО-ның халық әртісі Ыдырыс Ноғайбаевтің атына өзгертілді. 14 жыл бұрын (2000) Ақтөбе қаласында «Алтын Орда» республикалық тәуелсіз апталық газеті шыға бастады. Мемлекеттік тілде шығатын басылымның таралымы бір жылдың ішінде 26800 данаға жетті. Алматы, Астана, Ақтау, Қызылорда, Шымкент, Атырау, Орал, Қостанай қалаларында меншікті тілшілері бар. 2011 жылы шығарылуы тоқтатылды.
6 жыл бұрын (2008) Таразда тұсаукесері салтанатты жағдайда өткен қалалық мұрағат ашылды. 5 жыл бұрын (2009) Республиканың елордасында қаланың 10 жылдық мерейтойына арналған «Астана» энциклопедиясының тұсаукесер рәсімі өтті. Баспа қаланың тарихымен, экономикасымен, тұрғындары құрамымен, мәдениетімен, бiлiмімен, ғылымымен, географиялық назар аударатын жерлерімен, тарихи және мәдени мұрасымен, қала құрылысы, сонымен бiрге сирек кездесетiн ғимараттар, сәулеттiк ансамбльдерімен таныстырады. Энциклопедияда ғылым мен бiлiмнің, өнердiң белгiлi қайраткерлерiнің өмiрбаяндық мәлiметтерi енгізілген. Бас редактор, ғылыми-редакция кеңесінің төрағасы - Астана қаласының әкімі Иманғали Тасмағамбетов, кеңестің мүшесі - Қазақстан Республикасы Парламент Сенаты депутаты Әбіш Кекілбаев, Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрі Мұхтар Құл-Мұхаммед, Қазақстан Республикасы Ұлттық Ғылым Академиясының академигі Рымғали Нұрғали, Қазақстан Республикасы Президентік мәдениет орталығының директоры Мырзатай Жолдасбеков, және т.б. Энциклопедия 20000 данамен қазақ және орыс тілінде шығарылған.
5 жыл бұрын (2009) Алматыда қала әкiмi Ахметжан Есімовтың қатысуымен Holyday Inn желiсiнiң бiрiншi қонақ үйi ашылды. Бұл - Алматыдағы бірінші орташа класты халықаралық қонақ үйі және Қазақстандағы бірінші Holiday Inn. 230 нөмірлі қонақ үйде салтанат залы және алты қосымша конферец-залы бар. 4 жыл бұрын (2010) Алматы қаласының кинотеатрларында «Сіз кімсіз, Ка мырза?» атты шытырман оқиғалы жаңа отандық фильмнің тұсаукесері болды. Шәкен Айманов атындағы «Қазақфильм» киностудиясы мен ресейлік «Изарусфильм» кинокомпаниясы түсірген фильмнің басты рөлдерін - Кеңес Одағы және Қазақстанның халық әртісі Асанәлі Әшімов (Ка мырза) пен қазақстандық жас әртіс Филипп Волошин (Игорек) сомдады. Асанәлі Әшімовтың идеясымен жарыққа шыққан лентаның қоюшы-режиссері Хуат Ахметов, продюсерлері - Венера Нығматулина және Әлжан Ибрагимов. «Сіз кімсіз, Ка мырза?» фильмі Шәкен Аймановтың ең соңғы туындысы - «Атаманның ақыры» мен «Транссібір эскпресі» фильмдерінің заңды жалғасы іспетті. Себебі, олар әртүрлі режиссерлардың қолдарынан шықса да, картиналардағы отанға, елге қызмет ету сияқты ұлы сезімдер мен қасиеттерді жеткізу идеяларының негізі бір. Ұзақ жылдардан кейін Бангкоктың түрмесінен босап шыққан Ка мырза, Отанына оралмақ болып мінген пойыздың купесінде Игорек есімді жолсерігімен танысады. Ал есірткі тасымалымен айналысатын жас жігіт, «тауарды» діттеген жеріне Ка мырзаның арқасында оған білдіртпей жеткізіп алуды көздеп, есірткі жасырылған ыдысты қартқа сыйға тартқан болады. Бірақ өткен өмірінде мол «тәжірибесі» бар қарт, оның пиғылын бірден түсініп, есірткінің көзін жояды. Бұдан кейін Ка мырза, Игоректы «тапсырыс берушілердің» өлімінен аман-алып қалу үшін еріксіз қылмыстық топтың ортасына түседі. Жас баланы өлім аузынан арашалап қалу үшін өзінің бұрынғы «байланыстарымен» қылмыскерлерге есірткінің ірі көлемін жеткізіп беруге де келіседі. Фильмнің соңында ұзақ уақыт полицияның бақылауында болған қылмыстық топ құрықталады. Ал оларды қолға түсіру - қазақстандық агент - Ка мырзаның отандық құқық қорғау органдарымен әу бастан келіскен нақты сызба-жоспарлардың арқасында жүзеге асырылғандығы анықталады. Астанада фильмнің премьерасы 2010 жылғы қаңтардың 19-ында болды. 4 жыл бұрын (2010) Атырау облыстық өлкетану мұражайы жаңа экспонаттармен - өткен ғасырдың 8 күмiс қасықтарымен толықтырылды. Бағалы олжаны - жәдігерлікті оқушы Дамир Мырзағалиев құрылыс жұмыстары үшiн әкелген құмнан тапты. Ол, оларды мұражайға тапсырды. Қасықтарда күмістің сынамасы және 19 ғасырдың соңында істеп шығарған зауыттың таңбасы бар. 4 жыл бұрын (2010) Қазақстан Республикасының Президенті Н.Назарбаев «Балық шаруашылығының мәселелері жөніндегі Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне өзгертулер мен толықтырулар енгізу туралы» Заңына қол қойды. Заң еліміздегі балық қорларын тиімді қолдану мәселелеріне, заңды жетілдіруге бағытталған.
20 жыл бұрын (1994) Қазақстан Республикасының Президенті Н.Назарбаевтың «Қазақстан Республикасының Халық банкі және оның салымшыларының мүдделерін қорғау туралы» жарлығы жарияланды.
1 жыл бұрын (2013) ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың Жарлығымен Астана қаласы мен Ақмола облысының шекаралары өзгерді. Осылайша Астана қаласы жерлерінің жалпы алаңы 17,1 гектар бөлігі Ақмола облысының Целиноград ауданының шекарасына және Ақмола облысы Целиноград ауданы жерлерінің жалпы алаңы 17,1 гектар бөлігі Астана қаласының шекарасына қосылды.
ЕСІМДЕР
264 жыл бұрын (1750-1813) батыр, әулие, ағартушы, сәулетші БЕКЕТ АТА Мырзағұлұлы дүниеге келді. Маңғыстау (Ақтау) қаласында туған. Хорезмде Пақыржан қажыдан оқыған. Маңғыстау, Атырау, Үстірт аймағында медресе-мешіттер салып, халықты сауаттандыруға көп күш жұмсаған. Жер асты ғимараттарын қашап жасаудың ежелгі дәстүрін дамытқан сәулетші әрі шебер болған. Елінің тәуелсіздігі үшін шайқасқан батыр, қолбасшы болған. Білімдарлығы, абыздығы мен көріпкелдік қасиеттері үшін елі оны көзі тірісінде қастерлеп, пір тұтқан. Маңғыстауда, Оғыландыдағы өз мешітіне жерленген. Бекет Атаны әулие тұтып, қабіріне түнейді. 80 жыл бұрын (1934) экономика ғылымының докторы, профессор, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері ЕСЕНТҮГЕЛОВ Арыстан дүниеге келді. Қазақ мемлекеттік университетін бітірген. Қазақ КСР Мемлекеттік жоспарлау комитеті Есептеу орталығының аға инженері, зертхана меңгерушісі, бөлім бастығы қызметтерін атқарған. 1984-1995 жылдары - Қазақ КСР Мемлекеттік жоспарлау комитеті жанындағы Экономика ғылыми-зерттеу институты директорының бірінші орынбасары, директоры, Қазақстан Республикасы Экономика министрлігі жанындағы Экономика және нарықтық қатынастар ғылыми-зерттеу институтының директоры. 1996-1999 жылдары - Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі Төрағасының кеңесшісі, сектор меңгерушісі. 1999-2002 жылдары - «Экономикалық зерттеулер институты» республикалық мемлекеттік кәсіпорнының бас директоры. 2002 жылдан Қазақстан Республикасы Экономика және сауда министрінің, Экономика және бюджеттік жоспарлау министрінің кеңесшісі болған. Бірнеше кітаптың және 100-ден астам ғылыми жарияланымның авторы.
74 жыл бұрын (1940) альпинизмнен спорт шебері, шыңға өрлемеуден спорт шеберіне кандидат ПОСТНИКОВА Тамара Николаевна дүниеге келді. Алматы қаласында туған. Қазақ мемлекеттік университетін (әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университет). Қазақстанның альпинизм мен шыңға өрлемеуден бірнеше дүркін чемпионы. Памирдегі Е.Корженевская шыңына, Хан Тәңірі шыңына көтерілген алғашқы әйел. 1966-1970 гг. әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде жаттықтырушы болып, альпинизм мен шыңға өрлемеуден көптеген белгілі спорт шеберлерін даярлаған. Альпинизм ардагерлері кеңесінің мүшесі.
68 жыл бұрын (1946) "Ана тілі" баспасының директоры ДӘУРЕНБЕКОВ Жақау дүниеге келді. Қызылорда облысы, Арал ауданы, Сарбасат ауылдық кеңесіне қарасты Үшкөл елді мекенінде туған. Сексеуіл стансасындағы №423 орта мектепті бітірген. Еңбек жолын Арал қаласындағы №177 мектепте аға пионер вожатый болып бастаған. 1965 жылы Арал аудандық «Толқын» газетінде әдеби қызметкер болып істеген. Қазақ мемлекеттік университетінің журналистика факультетін 1971 жылы бітірген. Оқып жүріп 1970 жылдан бастап «Жас Алашта» (бұрынғы «Лениншіл жас») жұмыс істей бастаған. Жастар газетінде әдеби қызметкер, аға әдеби қызметкер, бөлім меңгерушісі, алқа мүшесі, «Өнер» баспасында бөлім меңгеруші, Бас редактордың орынбасары болып істеген. 1994 жылдан бері республикалық «Ана тілі» баспасының директоры. Мектеп қабырғасында жүрген кезден газет-журналдарда мақала, очерк, әңгімелері үзбей жарияланып тұрған. Алғашқы жинағы «Бөгенауыл балалары» кітабы 1970 жылы «Жазушы» баспасынан жарық көрді. Одан кейін «№28 комсомол билеті» (1978), «Шұғыла шақ» (1980), «Ауылым - алтын бесігім» (1985), «Алғашқы сабақ» (1971), «Саяқ» (1979), «Күн ұясы» (1984), «Бір нәзік сәуле» (1989), «Айтыңыз құтты болсын» (1993), «Менің елім - Қазақстан» (2001), «Ойдауа» (2007), «Жағалау» (2007), Шығармаларының үш томдығы (2006-2008), «Шағала» (2008) атты кітаптары шықты. «Күн ұясы», «Саяқ» («Соғыс ойыны») повестері «Жалынның» дәстүрлі республикалық жастар мен балаларға арналған сыйлығына ие болды. «Сөз киесі» (1996) кітабы толғамдық зерделеу сипатында жазылған. Қазақстан Жазушылар одағы басқармасының хатшысы болған (2002-2007 жж.).Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің Құрмет Грамотасымен, «Баспасөз үздігі» белгісімен марапатталған. Бірнеше дүркін Қазақстан Журналистер одағы сыйлығының лауреаты. 62 жыл бұрын (1952) ҚР Экономика және бюджеттік жоспарлау вице-министрі КАРМАЗИНА Елена Мағауияқызы дүниеге келді. Семей облысында туған. 1974 жылы С.М. Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетін бітірген, «математик, математика пәнінің оқытушысы» біліктілігі бар. Еңбек жолын 1974 жылы ҚазКСР Мемлекеттік жоспарлауының Есептеу орталығында бастады, бағдарламалау бөлімінің инженері, аға инженері болып қызмет атқарды. 1977-1991 жылдар аралығында ЖББЖ ҒЗИ кіші ғылыми қызметкер, технологиялық, қоғамдық құралдар бөлімінің топ меңгерушісі, сондай-ақ МСБ бөлімінің топ жетекшісі болып қызмет атқарды. 1991 - 1993 жылдар аралығында Қазақ КСР Мемэкономкомитеті жанындағы ҚазҒКАҒЗИ ТҚБ топ меңгерушісі болып жұмыс істеді. 1993 - 1996 жылдар аралығында ҚР ЭМ жанындағы экономика және нарықтық қатынастар ҒЗИ аға ғылыми қызметкер, АЕБЖ бөлімінің сектор меңгерушісі болып қызмет атқарды. 1996 жылдан бастап ҚР Қаржы министрлігінде Мемлекеттік бюджет департаменті Бюджеттік саясат және бюджетті қалыптастыру басқармасы бюджеттік саясат және макроэкономикалық талдау бөлімінің бас экономисінен бастап макроэкономикалық талдау бөлімінің бастығы, Бюджеттік саясат және жоспарлау департаменті директорының орынбасарына дейін түрлі лауазымдарда жұмыс істеді. 2003 жылы ҚР Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігі Бюджеттік саясат және жоспарлау департаментінің директоры қызметіне тағайындалды. 2007 жылғы желтоқсаннан бастап 2010 жылғы наурызға дейін ҚР Экономика және бюджеттік жоспарлау вице-министрі болды. Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылдың 26 наурыздағы № 240 қаулысымен Қазақстан Республикасының қаржы вице-министрі болып тағайындалды. 2013 жылғы 6 ақпаннан - қазіргі қызметінде. «Құрмет» орденімен - 2003 жылы, «Парасат» орденімен - 2011 ж., мерейтойлық медальдармен марапатталды.
56 жыл бұрын (1958) Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті жалпы тіл білімі кафедрасының доценті МӘДИЕВА Гүлмира Баянжанқызы дүниеге келді. Алматы қаласында туған. Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық институтын, Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің аспирантурасын бітірген. Байтұрсынұлы атындағы Тіл білім институтының аға ғылыми қызметкері, Абылай хан атындағы Қазақ мемлекеттік халықаралық қатынастар және әлем тілдері университетінің аға оқытушысы болған. Қазіргі қызметінде 1997 жылдан бастап істейді. 20-дан астам ғылыми және әдістемелік жұмыстардың авторы. 53 жыл бұрын (1961) Жамбыл облысы экономикалық қылмыстармен және сыбайлас жемқорлықпен күрес департаментінің бастығы НӘЛІБАЕВ Мақсұт Ыбырайханұлы дүниеге келді. Қызылорда облысы Шиелі ауданында туған. Жамбыл гидромелиоративтік-құрылыс институтының Қызылорда филиалын, КСРО ІІМ Саратов жоғары курсын, Қазақстан Республикасы ІІМ Қарағанды жоғары мектебін бітірген. 1988-1995 жылдары - Қызылорда облыстық Ішкі істер басқармасы бөлімшесінің жедел уәкілі, ерекше маңызды істер жөніндегі аға жедел уәкілі, бастығы, бөлім бастығының орынбасары, бастығы. 1995-1997 жылдары - Қызылорда облысы бойынша Мемлекеттік тергеу комитеті басқармасы бөлімінің бастығы. 1997-2001 жылдары - Қызылорда қалалық салықтық тергеу бөлімінің, ішкі істер бөлімінің бастығы, Қызылорда облысы бойынша Салық полициясы комитеті басқармасы - Қаржы полициясы департаменті бастығының орынбасары, бастығы,. 2001-2004 жылдары - Қызылорда облысы бойынша Қаржы полициясы департаментінің бастығы. 2004-2005 жылдары -Қызылорда облысы бойынша Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес департаментінің (қаржы полициясы) бастығы. 2005-2006 жылдары - Қарағанды облысы бойынша Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес департаментінің (қаржы полициясы) бастығы. 2006-2007 жылдары - Қазақстан Республикасы Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігінің (қаржы полициясының) Сыбайлас жемқорлық туралы істерді ашу және алдын ала алу департаментінің(қаржы полициясы) бастығы, Қазақстан Республикасы Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігінің (қаржы полициясының) Ақпараттық-талдау департаментінің (қаржы полициясы) бастығы қызметтерін атқарған. С 2007 жылғы 4 мамырдан - Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің аумақтық басқармасының бастығы - Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Қызылорда облысындағы Тәртіптік кеңесінің төрағасы. Қазіргі қызметінде - 2012 жылғы қазаннан бері. 53 жыл бұрын (1961) Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігі төрағасының орынбасары КӨМЕКБАЕВ Әли Амантайұлы дүниеге келді. Шымкент қаласында туған. Қазақ химия-технология институтын, Ұлттық мемлекет басқарудың жоғары мектебін (НВШГУ), «Әділет» жоғары құқық мектебін, Мәскеу авиация-технология институтының аспирантурасын бітірген. 1996-1998 жылдары - Шымкент қаласы әкімі аппаратының маманы. 1998-1999 жылдары - Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформа жөніндегі агенттігінің бас маманы, 1999-2004 жылдары - Астана қаласы бойынша басқармасының бас маманы, бастығының орынбасары, Мемлекеттік қызметтерді құқықтық қамтамасыз ету департаментінің директоры қызметтерін атқарған. 2004 жылдың қаңтарынан бастап - қазіргі қызметінде. 2009 жылдың 10 қарашасынан Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі өкілетті органның тәртіптік комиссиясы төрағасының орынбасары. 48 жыл бұрын (1966) Ш.Айманов атындағы "Қазақфильм" АҚ актері ӘБДІРАЙЫМОВ Фархат Нұрсұлтанұлы дүниеге келді. Алматы қаласында туған. Алматы технологиялық университетінің технологиялық факультетін бітірген (1988), инженер-технолог. Қазақ, орыс және ағылшын тілдерін біледі. «Нұр Отан» ХДП саяси кеңесі бюросының мүшесі (2007 жылдан). 1988 жылдан - «Турист» мейрамханасының директоры. 1999 жылдан бері - Ш. Айманов атындағы Қазақ кинофабрикасының (қазіргі Ш.Айманов атындағы «Қазақфильм» АҚ) актері. «Кімнің жаны нәзік болса» - Фархат («Мосфильм» -«Қазақфильм», 1996), «Фара» - Фара («Қазақфильм», 1999), «Застава» - Есірткі бароны («Мосфильм», 2005),«Хоккайдо полициясы» - Мафия бастығы («Мосфильм», 2008), «Қызғылт түсті қоян туралы хикая» - Жайбархан («Қазақфильм», 2010), «Махаббат тәлкегі» - Жаттықтырушы (2010), «Тасадағы махаббат» - Сергей («Мосфильм», 2010), «Нағыз полковник» - Жандос («Мосфильм» - «Қазақфильм», 2010) және өзге де кинофильмдерге түскен. ҚР Бильярд спорты федерациясының вице-президенті (2001 жылдан). ҚР Кинематографистер одағының мүшесі (2005 жылдан). ҚР Президентінің Құрмет грамотасымен марапатталған (2003). РФ «Үздік актер» кинобасылымының бас жүлдегері (1996), XXI Халықаралық кинофестивалінің «Святой Георгий Победоносец» Гран-при жүлдегері (Мәскеу, 1999),«Алтын Адам» сыйлығының «Жыл киножұлдызы» номинациясының иегері (2000). 109 жыл бұрын (1905-1957) көрнекті француз дизайнері-модельері Кристиан ДИОР дүниеге келді. 108 жыл бұрын (1906-2007) көрнекті орыс хореографы және балетмейстері Игорь МОИСЕЕВ дүниеге келді. 93 жыл бұрын (1921-1983) көрнекті кеңес және армян композиторы, КСРО халық әртісі Арно БАБАДЖАНЯН дүниеге келді. 100 жыл бұрын (1914) бүкіл әлемге танымал итальян теноры Пласидо ДОМИНГО дүниеге келді. 54 жыл бұрын (1960) кеңестік және орыс театр және кино әртісі, Ресей халық әртісі Дмитрий ХАРАТЬЯН дүниеге келді.