22 қаңтар СӘР СЕНБІ
Польшада ата күні. Польшада қаңтардың 21-інде «Әже күнін» атап өткен соң, кішкентай және ересек немерелер қаңтардың 22-інде «Ата күнімен» өз аталарын құттықтайды.
ЕСТЕ ҚАЛАР ОҚИҒАЛАР
2 2 жыл бұрын (1992) Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «ҚР Материалдық ресурстар министрлігін құру туралы» Жарлығы шықты.
2 2 жыл бұрын (1992) Алматыда Қазақстан Республикасы мен Моңғолия арасында дипломатиялық қарым-қатынас орнату туралы хаттамаға қол қойылды.
2 1 жыл бұрын (1993) Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың Жарлығымен Қазақстан Ғылым академиясының атауы Ұлттық ғылым академиясы болып өзгертіліп, республикалық жоғары ғылыми мекеме мәртебесі берілді.
2 1 жыл бұрын (1993) Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың Жарлығымен «Алтыналмас» Ұлттық акционерлік компаниясы құрылды.
4 жыл бұрын (2010) Алматыда Қазақ ұлттық өнерін өркендету жолында ерен еңбегімен танылған қылқобызшы-педагог, Қазақстан Республикасының Білім беру ісінің үздігі, Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігінің Құрметті қызметкері, «Жаңашыл-педагог» Әбдіманап Жұмабекұлының үш томдық «Қылқобызға арналған хрестоматиялар» жинағының бірінші томының таныстырылымы болып өтті.
Бірінші том - «Білім» баспасынан, 2000 данамен жарық көрген. Оқу құралы - музыка мектептері мен музыка колледждеріне, консерватория мен өнер, музыка академиясының студенттеріне және жалпы өнер сүйер қауымға арналған. Қомақты еңбек автордың отыз жылдан астам уақыт жүргізіп келген ұстаздық тәжірибесі мен ғылыми-педагогикалық ізденісінің нәтижесінде дүниеге келген.
4 жыл бұрын (2010) Астанада жазушы Әлібек Асқаровтың «Алтай - алтын бесік, ата жұрт» кітабының таныстырылымы өтті. Қазақстан Республикасы Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, көрнекті прозашы, эссеші Әлібек Асқаров - туған әдебиетіміздің бүгінгі бет-бейнесін айқындайтын қаламгерлердің бірі.
1 жыл бұрын (2013) Астанада, «Қазмедиа орталығында» қазақ сайттары редакторларының тұңғыш конференциясы ашылды.
85 жыл бұрын (1929) Кеңес Одағындағы оппозицияның көрнекті өкілі Троцкий Лев Давыдович КСРО-дан қуылды. Елде Сталин билігі толықтай орнады. Мұның алдында Л.Троцкий Алматыға жер аударылған болатын.
75 жыл бұрын (1939) Колумбия университетінде (АҚШ) алғаш рет уран атомы ыдыратылды.
ЕСІМДЕР
22 6 жыл бұрын (1788-1824) ағылшын ақыны, романтизм бағытының көрнекті өкілі БАЙРОН Джордж Ноэл Гордон дүниеге келді.
Лондонда дворян отбасында туған. Балалық шағы Шотландияның Абердин қаласында өткен. 1815-1816 жылдары Швейцарияда тұрған ақынның «Гяур», «Абидосс қалыңдығы», «Корсар», «Лара», «Шильон тұтқыны» атты поэмалары жазылған. Оның «Дантенің көрегендігі», «Қиямет елес», «Қола ғасыр» поэмаларында, аяқталмаған «Дон Жуан» романында сол кездегі қоғамды сынға алады. 19-шы ғасырда Байронның дүниежүзі әдебиетіне әсер еткендігі соншалық, басқа ұлттық әдебиеттерде «байроншылдық» қозғалысы пайда болған. Ол көркем әдіс ретінде романтизмнің жаңа қырларын ашып, поэтикалық формаларды жетілдіріп, саяси сатираның жаңа түрін жасаған. Байрон шығармаларын қазақ тіліне Абай, Қ.Аманжолов, Қ.Сатыбалдин, Ғ.Қайырбеков, т.б. ақындар аударған.
106 жыл бұрын (1908-1968) орыс ғалымы, КСРО ұлттық академиясының акдемигі ЛАНДАУ Лев Давидович дүниеге келді. 1927 ж. Ленинград (қазіргі Санкт-Петербург ) университетін бітірген. 1932 жылдан Харьковтегі Украина физика-техникалық институтында , 1937 жылдан КСРО ұлттық академиясының Физикалық проблемалар институтында, 1947 жылдан Мәскеу мемлекеттік университетінде (МГУ-дің) ғылыми-педагогикалық жұмыстармен айналысты. 1926 ж. екі атомды молекулалар спектрінің қарқындылығы туралы өзінің ең алғашқы ғылыми жұмысын жариялады. 1927 ж. тығыздық матрицасы ұғымын тұңғыш рет ғылыми айналымға енгізді. Ол металдың электрондық диамагнетизм теориясын (1930), антиферромагнетизм теориясын (1936), екінші текті фазалық ауысудың жалпы теориясын (1937), Ю.Б. Румермен біріге отырып, ғарыштық сәулелердегі электрон нөсерінің каскадтық теориясын (1938), сұйық гелийдің асқын аққыштық теориясын (1941), электрондық плазманың тербеліс теориясын (1946), В.Л. Гинзбургпен бірге асқын өткізгіштің жартылай феноменол. теориясын (1950), жоғары энергиялы бөлшектердің өзара соқтығысуы кезіндегі бөлшектердің тасқындап туу теориясын (1953), А.А. Абрикосовпен , т.б. бірлесе отырып кванттық электрдинамика негіздерін (1954 -1955), комбинациялық жұптылықтың жаңа принципін және екі құраушылы (компонентті) нейтрино теориясын (1956), Ферми сұйықтығының теориясын (1956 - 1959), т.б. жасады. Ландау Л.Д көптеген физик-теоретиктердің ( И.Я. Померанчук , А.Б. Мигдал , И.М. Лившиц , А.А. Абрикосов , Е.М. Лифшиц , И.М. Халатников , т.б.) мектебін құруына ықпалын тигізді. Ресей ұлттық академиясының Теориялық физика институты Ландаудың есімімен аталады. КСРО Мемлекеттік сыйлығы (1946, 1949, 1953) Нобель сыйлығы (1962) және Лениндік сыйлық (1962) лауреаты болды, Социалистік Еңбек Ері (1954). 3 мәрте Ленин орденімен , т.б. орден, медальдармен марапатталған.
82 жыл бұрын (1932-2013) Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, көрнекті ақын САЛЫҚОВ Кәкімбек Салықұлы дүниеге келді. 1932 жылы Солтүстік Қазақстан облысы Шал ақын ауданы Еңбек ауылында туған. 1955 жылы Мәскеудің түсті металлургия және алтын институтын бітіргеннен кейін Жезқазған кенішінде кен шебері болып еңбек жолын бастаған. СССР Жоғарғы кеңесінің экология жөніндегі комитетінің басшысы лауазымына дейін көтерілді. Көп жылдар Кеңес одағы Жоғарғы кеңесінің президиум мүшесі болды Алғашқы өлеңдер жинағы «Сыр» 1977 жылы жарық көрді. Сол жылы «Жезкиік» атты жыр жинағы орыс тіліне аударылып жарияланды. 1981 жылы «Қырғызстан» баспасы оның «Нұрлы күндер» кітабын қырғыз тілінде, 1983 жылы Ғафур Ғүлам баспасы «Жезкиік» жинағын өзбек тілінде шығарды. «Букетовке реквием», «Эдельвейс», «Ғасырға тең бір мезет», «Че Гевара» атты поэмалары орыс тіліне аударылды.
К.Салықов - «Дала», «Қыран-дар», «Гәкку», «Жезкиік», «Еңлікғүл», «Тәттімбет», «Домбыра», «Қарақалпақ», «Кенесарының соңғы сөзі» секілді көптеген поэмалардың авторы. Ақын жемісті еңбегін бүгінгі күнге дейін талмай жалғастырып келеді. Соңғы жылдары оның «Ойтолғақ» (2001), «Сырғалы сонеттер» (2001), «Күзгі шуақ» (2004), «Күзгі сарын» (2005), «Сенсің ел данасы» (2006), «Әлемнің сегізінші ғаламаты» (2006), «Мағжанға тағзым» (2008) кітаптары жарық көрді. В.В.Маяковскийдің «В.И.Ленин» поэмасын, А.С.Пушкиннің өлеңмен жазылған «Евгений Онегин» романын, М.Ю.Лермонтовтың, Ю. П. Полонскийдің, Р. Ғамзатовтың, Алдан-Семеновтың, С.Норовчатовтың, В.Савельевтің, Я.Коластың, М.Львовтың, моңғол және өзбек ақындарының өлеңдерін қазақ тіліне аударды. Б.Жүманиязов, Н.Тілендиев, Ә.Бейсеуов, Е.Хасанғалиев сияқты композиторлар ақынның көптеген өлеңдеріне ән шығарды. «Жезкиік», «Сағыныш», «Аққу әні», «Үш арыс», «Бір ауыз сөз», «Оқжетпес», «Көкшетау», «Жамбыл ата» сынды туындылары халық әніне айналып кетті.
Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесіне үш мәрте (IX, X, XI) депутат болып сайланған. КСРО Жоғарғы Кеңесінің депутаты. «Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері» құрметті атағының иегері (2001), Халықаралық Қ.Сәтбаев қорының президенті, Қазақстан Республикасы «Экология» академиясының академигі.
Ленин орденімен, екі рет Еңбек Қызыл Ту орденімен, «Парасат» және Халықтар Достығы ордендерімен, көптеген медальдармен марапатталған.
68 жыл бұрын (1946) Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаты - Экономикалық даму және өңірлік саясат комитетінің мүшесі, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері СҮЛЕЙМЕНОВ Нұрлан Ілиясұлы дүниеге келді.
Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданында туған. Қазақ политехникалық институтын, Алматы жоғары партия мектебін бітірген.
1971-1976 жылдары - Қазақстан ЛКЖО Алматы қалалық комитетінің нұсқаушысы, бөлім меңгерушісі, Совет аудандық комитетінің бірінші хатшысы. 1976-1979 жылдары - Алматы қалалық партия комитетінің нұсқаушысы. 1979-1985 жылдары - Алматы облыстық партия комитеті бірінші хатшысының көмекшісі. 1985-1991 жылдары - Әуезов аудандық атқару комитетінің төрағасы. 1991-1992 жылдары - Әуезов аудандық партия комитетінің бірінші хатшысы, аудандық кеңестің төрағасы. 1992-1994 жылдары - Алматы қалалық әкімшілігі басшысының орынбасары. 1994-1995 жылдары - ҚР Жоғарғы Кеңесі сессиясы хатшылығының жетекшісі. 1995-1997 жылдары - Алматы қалалық әкімшілігі басшысының, әкімінің орынбасары - аппарат басшысы. 1997-2001 жылдары - Алматы қалалық еңбек және тұрғындарды әлеуметтік қорғау басқармасының бастығы. 2001-2008 жылдары - Алматы облысы әкімі аппаратының жетекшісі қызметтерін атқарған.
2008 жылы Алматы облысынан Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаты болып сайланған. «Нұр Отан» ХДП Алматы облыстық филиалы төрағасының орынбасары. Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің 12-13-ші шақырылымының депутаты болған. «Құрмет белгісі», «Құрмет» ордендерімен, медальдармен және Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің Құрмет грамотасымен марапатталған.
6 3 жыл бұрын (1951-2009) заң ғылымдарының докторы, Абай сыйлығының лауреаты Қазақстан Республикасы Гуманитарлық ғылымдар академиясының корреспондент-мүшесі, Қазақстан Республикасы Журналистер одағының мүшесі ӨЗБЕКҰЛЫ Сәкен дүниеге келді. Алматы облысы Жамбыл ауданында туған. Қазақ мемлекеттік университетінің заң факультетін, Қазақстан Республикасы Ғылым академиясы Философия және құқық институтының аспирантурасын бітірген. 1987-1994 жылдары Қазақ мемлекеттік университетінің аға оқытушысы, 1994-1995 жылдары Дінмұхаммед Қонаев атындағы университеттің проректоры, 1995-1999 жылдары Мемлекет және заң институтының аға ғылыми қызметкері, 1999-2009 жылдары Орта Азия университетінің проректоры, Қазақ мемлекеттік заң академиясы кафедрасының меңгерушісі қызметтерін атқарған. Негізгі ғылыми жұмыстары мемлекет және құқық теориясы мәселелерін, саяси құқықтық ілімдер тарихын, Қазақстанның мемлекеттігі мен құқығының тарихын зерттеуге арналған. 180-нен аса ғылыми еңбегі, оның ішінде 8 монографиясы жарияланған. Ол дәстүрлі құқықтық мәдениет тақырыбына арналған «Қазақтың ата заңдары» атты 10 томдықты құрастырушылардың, әрі авторларының бірі. 1995 жылы «Абай және адам құқы» монографиясы үшін атаулы сыйлықтың лауреаты атанып, 2004 жылдан бері Қазақстан Республикасы Заң ғылымдары академиясының президенті болған.
5 9 жыл бұрын (1955-1998) монументші-кескіндемеші әрі спортшы, Таэквандо федерациясының қазақстандағы тұңғыш президенті ТҮЛКИЕВ Бексейіт Әбдезұлы дүниеге келді.
Оңтүстік Қазақстан облысы Төле би ауданы Қасқасу ауылында туған. Мәскеудегі жоғары көркем-өнер училищесін бітірген.
«Ұлы көш», «Замандастар», «Әке», «Ата-баба жері», «Суретшінің түсі», «Әже», «Түсіру алаңы», «Әкені майданға шығарып салу», т.б. кескіндемелік туындылардың авторы.
Шығармалары Бүкілодақтық және халықаралық көрмелерге қойылған.
Ол бейнелеу өнері саласындағы шығармашылық еңбегін спортпен де етене ұштастыра отырып, жастарды спортқа баулыды. Өзі таэквандодан «қара белбеу» иесі атанған.
Қасқасу ауылындағы орта мектепке есімі берілген.
43 жыл бұрын (1971) Қазақстан Республикасы Қаржы вице-министрі ТЕҢГЕБАЕВ Ардақ Мырзабайұлы дүниеге келді.
Торғай облысында туылған. 1993 жылы Қазақ мемлекеттік басқару академиясын «Бухгалтерлік есеп және шаруашылық қызметті талдау» мамандығы бойынша, 2002 жылы - «Қайнар» университетін «Заңтану» мамандығы бойынша бітірген. Еңбек жолын 1993 жылы «Қазагроөнеркәсіпбанк» АК-ның Торғай филиалында маман болып бастаған.Салық органдарында жұмысын 1997 жылғы сәуірден бастап, мынадай лауазымдарда қызмет атқарған: салық инспекторы, сектор меңгерушісі, бас салық инспекторы, Алматы қаласы бойынша Салық комитетінің Басқарма бастығы. 2000 жылғы сәуірден бастап 2002 жылғы тамызды қоса алғанда Алматы қаласы Алмалы ауданы бойынша Салық комитеті аудит бөлімінің бастығы. 2002 жылғы тамыздан бастап 2003 жылғы ақпанды қоса алғанда Алматы қаласы бойынша Салық комитеті өндіріп алу бөлімінің бастығы. 2003 жылғы ақпаннан бастап 2004 жылғы қазанды қоса алғанда Алматы қаласы бойынша Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес департаменттің аға инспекторы, бөлім бастығы, басқарма бастығы. 2004 жылғы қарашадан бастап 2005 жылғы қыркүйекті қоса алғанда «Ақпараттық технологиялар паркі» Салық комитетінде бөлім бастығы, 2005 жылғы қыркүйектен бастап 2007 жылғы тамызды қоса алғанда Шығыс Қазақстан облысы Семей қаласы бойынша Салық комитетінің төрағасы болып қызмет атқарған. 2007 жылғы тамыздан бастап 2009 жылғы мамырды қоса алғанда Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Салық комитетінің Маңғыстау облысы бойынша Салық департаментінің бастығы, 2009 жылғы мамырдан бастап 2010 жылғы сәуірді қоса алғанда Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Салық комитеті Мамандандырылған басқармасының бастығы лауазымын атқарды. 2010 жылғы сәуірден бастап 2012 жылғы қарашаға дейін Салық комитеті төрағасының орынбасары болып жұмыс істеді. 2012 жылғы қарашадан бастап Қазақстан Республикасының Қаржы вице-министрі болып тағайындалды. Мерейтойлық медальмен марапатталды. Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 7 қарашадағы № 1411 қаулысымен Қазақстан Республикасының Қаржы вице-министрі болып тағайындалды.
4 1 жыл бұрын (1973) К.Байсейітова атындағы Ұлттық опера және балет театрының бас хормейстері ДӘУІТОВ Ержан Болатұлы дүниеге келді.
Шымкент облысында туған. Құрманғазы атындағы Алматы мемлекеттік консерваторияның вокалдық-хор факультетін бітірген, хормейстер, оқытушы. 1998 жылдан бастап - Қазақ ұлттық музыка академиясының «Хор дирижері» кафедрасының оқытушысы.
Қазіргі қызметінде - 2000 жылдан бері.
35 жыл бұрын (1979) ақын ТЕМІРБАЕВ Алмас дүниеге келді.
Ақмола облысының Көкшетау ауданында туған. Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің журналистика факультетін бітірген. Шығармалары «Қазақстан жас ақындар антологиясы», «Қос ішек» және «Зеренді көктемі» ұжымдық жинақтарына енген. «Аллажар», «Жұмақ жұрт» атты жеке жыр жинақтары жарық көрген. Көркем аударма саласында Р.Тагор, Ж.Руми, С.Есенин, Б.Қанапияновтың өлеңдерін және қырғыз ақыны Н.Қалыбековтің бірқатар өлеңдерін қазақ тіліне тәржімалаған. Республикада өткен бірқатар ақындар мүшәйрасында жүлделі орын алған.
105 жыл бұрын (1909-1974) бирма дипломаты,және 1962-1971 жылдардағы БҰҰ-ның үшінші Бас хатшысы Маха Тхрай Ситху У ТХАНТ, немесе У ТАН дүниеге келді.
103 жыл бұрын (1911-1990) Австрияның 1970-1983 жылдардағы федералдық канцлері, 1967-1983 жылдардағы Австрия Социалдистік партиясының төрағасы, Австрия СІМ стас-хатшысы, сыртқы істер министрі болған, 1983 жылдан Австрия Социалистік партиясының құрметті төрағасы КРАЙСКИЙ Бруно дүниеге келді.
60 жыл бұрын (1954) ресейлік актер және тележүргізуші ЯРМОЛЬНИК Леонид Исаакович дүниеге келді.