ЕСІМДЕР
85 жыл бұрын (1942) танымал қазақ жазушысы, драматург, «Алаш» Халықаралық сыйлығының лауреаты Софы Қалыбекұлы СМАТАЕВ дүниеге келді.
Қарағанды облысының Ағадыр ауданында дүниеге келген. 1959 жылы Қазақ мемлекеттік университетінің филология факультетіне оқуға түседі. Кейін Мәскеудегі болат және қорытпалар институтында оқуын жалғастырады.
Мәскеудегі «Серп и молот» зауытында, Тула металлургиясында жұмыс істеп, Қазақ КСР Ғылым академиясында ғылыми жұмыстар жүргізді. 1968 жылы «Жұлдыз» журналының қызметкері, 1984 жылы Қазақстан Компартиясы Орталық Комитетінің жауапты қызметкері, 1989-2006 жылдары ҚР Ұлттық кітап палатасының директоры қызметін атқарған.
Автордың шығармашылық жолы поэтикадан басталады. Тұңғыш өлеңдер жинағы «Астана оттары» 1968 жылы жарық көрді. Содан кейін әңгімелері мен повестері жарық көрді: «Армысың, Ана» (1970), «Алау» (1974), «Алғашқы асу» (1982), «Ақжелең» (1979), «Бұлақ» (1983). Қазақ халқының жоңғар шапқыншыларымен күресіне арналған «Елім-ай» роман-трилогиясы, «Белое платье», «Мәңгілік бастауы» романдары бар.
С.Сматаев — «Тағдырлар» (1976), «Сен кімсің?» (1977), «Әзіл-әзәзіл» (1978), «Жұлдызым менің жоғары» (1985) пьесаларының, сондай-ақ «Жұмбақ қыз» (1971), «Жаяу Мұса» (1988) опера либреттоларының, «Астана оттары» (1968), «Алау» (1974), «Қобыланды батыр» (1981), «Караспанские горы» (1984) өлеңдер мен прозалар жинағының авторы.
«Абылай хан» (1992) пьесасы Қазақстан Республикасы Мәдениет министрлігінің байқауында бірінші жүлдені алған. Ол «Біржанның соңғы жұлдызы» фильмінің сценарийінің авторы.
Сматаев әдебиет сыншысы және аудармашы ретінде танымал. Ол В.Шекспирдің «Юлий Цезарь» трагедиясын, В. Г. Короленконың, Вс.Ивановтың және басқаларының шығармаларын қазақ тіліне аударды. С. Сматаевтың бірқатар шығармалары қырғыз, қарақалпақ және эстон тілдеріне аударылды.
Софы Сматаев — табиғатынан туа біткен дарынды, шыншыл қазақ прозашысы, ақын және драматург. Оның жазған роман, пьеса, поэзия, аудармаларының барлығы ерекше дарынымен және шынайы жазылған. Патриотизм, өмірді тереңінен тану, әңгімелерінің нәзік мұңы оқырманды таң қалдырады.
«Құрмет» (2000) және «Парасат» ордендерімен (2007) марапатталған.
42 жыл бұрын (1985) «Діндерді зерттеу орталығы» ЖШС директоры Алмас Әзімханұлы ЕРНАЗАРОВ дүниеге келді.
Түркістан облысында туған.
Еңбек жолын 2006 жылы ОҚО мәдениет басқармасында бас маман және бөлім меңгерушісі болып бастаған. Сондай-ақ, «Астана қаласы архивтер және құжаттама басқармасы» ММ, «Ұлттық археография және деректану орталығы» ММ және «Тау-Кен Самұрық» Ұлттық компаниясы» АҚ-да бірнеше лауазымдарда қызмет атқарған. 2019 жылдан бастап Діндерді зерттеу орталығында оқытушы-модератор ретінде белсенді жұмыс жасады. 2023 жылы Орталықтың ақпараттық-түсіндіру жұмыстары бөлімінің басшысы лауазымын атқарды.
2023 жылдың қазан айынан бастап қазіргі қызметінде жүр.
39 жыл бұрын (1987) Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігінің Тұтынушылар құқығын қорғау комитеті төрағасының орынбасары Қанат ЖЕҢІСБЕКҰЛЫ дүниеге келді.
Шығыс Қазақстан облысының Жарма ауданында дүниеге келген. Шәкәрім атындағы Семей мемлекеттік университетін бітірген.
Еңбек жолы: Астана қаласының салық органдарында әртүрлі лауазымдарда жұмыс істеді (2008-2010); квазимемлекеттік секторда жұмыс істеді (2010-2015); Семей қаласы әкімдігінің жер қатынастары бөлімінің бас маманы (2015-2016); Шығыс Қазақстан облысы бойынша Қазақстан Республикасы Тұтынушылардың құқықтарын қорғау министрлігінің департаментінің бас маманы, бірнеше бөлім басшысы (2016-2020); Өскемен қаласы Кәсіпкерлер палатасының бөлім сарапшысы (2020-2021); Шығыс Қазақстан облысы бойынша Көлік және инфрақұрылым министрлігінің Тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаментінің басшысы (2021 жылғы маусым — 2023 жылғы ақпан); Шығыс Қазақстан облысы бойынша Көлік және инфрақұрылым министрлігінің Тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаменті басшысының орынбасары (2023); Солтүстік Қазақстан облысы бойынша Көлік және инфрақұрылым министрлігінің Тұтынушылар құқығын қорғау департаментінің басшысы (2023- 2026).
2026 жылдың қаңтар айынан бастап қазіргі қызметінде.
96 жыл бұрын (1930-1999) кеңестік және қазақстандық мемлекет және партия қайраткері Еркін Нұржанұлы ӘУЕЛБЕКОВ дүниеге келді.
Петропавл ауданының Жаңасу ауылында дүниеге келген. К. А. Тимирязев атындағы Мәскеу ауыл шаруашылығы академиясын бітірген (1953).
Еңбек жолы: машина-трактор станциясының бас агрономы, машина-трактор станциясының директоры, Марьевский кеңшарының директоры (1953-1961); Солтүстік Қазақстан облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының бастығы (1961-1963); Солтүстік Қазақстан облыстық Кеңесі атқару комитеті төрағасының 1-ші орынбасары, Қазақстан Коммунистік партиясы Солтүстік Қазақстан ауылдық аудандық комитетінің 2-ші хатшысы (1963); Солтүстік Қазақстан ауылдық аудандық кеңесі атқару комитетінің төрағасы (1963-1964); Солтүстік Қазақстан облыстық кеңесі атқару комитетінің төрағасы (1964-1965); Қазақ КСР Ауыл шаруашылығы министрінің орынбасары (1965-1967); Қазақ КСР астық өнімдері және жем өнеркәсібі министрі (1967-1968); Қазақстан Компартиясы Көкшетау облыстық комитетінің 1-хатшысы (1968-1978); Қазақстан Компартиясы Торғай облыстық комитетінің 1-хатшысы (1978-1985); Қазақстан Компартиясы Қызылорда облыстық комитетінің 1-хатшысы (1985-1989); КСРО Жоғарғы Кеңесі Ұлттар Кеңесінің Ұлттық саясат және ұлтаралық қатынастар жөніндегі комиссиясы төрағасының орынбасары (1989-1990); Қазақстан Республикасы Президентінің кеңесшісі (1991-1992); «Жаңасу» шаруа қожалықтары қауымдастығының президенті (1992-1999).