22 сәуірде ел аумағының басым бөлігінде жаңбыр жауып, жел күшейеді

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстан аумағының басым бөлігінде 22 сәуірде атмосфералық фронтальды бөліктердің өтуіне байланысты кей жерлерінде жаңбыр, найзағай, желдің күшеюі, тұман күтіледі.

Тек республиканың солтүстік-батысында және оңтүстігінде жауын-шашынсыз ауа-райы сақталады, деп хабарлайды Қазгидрормет.

Солтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде тұман болады, жел 15-20 м/с күшеюі ықтимал.

Маңғыстау, Атырау, Батыс Қазақстан, Павлодар, Қарағанды, Шығыс Қазақстан, күндіз Ақмола, Ақтөбе, түнде Алматы облыстарының кей жерлерінде желдің жылдамдығы 15-20 м/с дейін жетеді.

Қостанай облысында түнде және таңертең кей жерлерде тұман түсіп, күндіз желдің жылдамдығы 15-20 м/с жетеді.

Ақтөбе, Қызылорда, облыстарының кей жерлерінде өрт болу қаупі бар.