23 маусым. ҚАЗАҚПАРАТ КҮНТІЗБЕСІ: АТАУЛЫ КҮНДЕР, ОҚИҒАЛАР, ЕСІМДЕР

АСТАНА. ҚазАқпарат - ҚазАқпарат оқырмандарына 2014 жылғы 23 маусымға арналған күнтізбесін ұсынады.

23 маусым, ДҮЙСЕНБІ

Қазақстан полициясы күні. 1992 жылғы маусымның 23-інде ҚР Жоғарғы Кеңесі «Қазақстан Республикасы ішкі істер органдары туралы» Заң қабылдады. Бұл Қазақстан полициясының қызметі мен міндетін анықтайтын алғашқы құқықтық акт болатын. 2007 жылы маусымның 5-інде Мемлекет Басшысы Нұрсұлтан Назарбаев өз Жарлығымен маусымның 23-ін - Полиция күні деп бекітті.

Халықаралық Олимпиадалық жүгіру күні. Қазіргі Олимпиадалық қозғалыстың басшы органы - ХОК-тың құрылған жылынан (1894 жылғы маусымның 23-і) бастап атап өтіледі.

БҰҰ-ның Мемлекеттік қызмет күні. 2002 жылғы желтоқсанның 20-дағы БҰҰ Бас Ассамлеясының шешімімен бекітілген.

Люксембург Ұлы Герцогтігінің Ұлттық мейрамы - Ұлы Герцогтың туған күні (1921). Люксембург Батыс Еуропада орналасқан мемлекет. Солтүстігінде және батысында Бельгиямен, шығысында Германиямен, оңтүстігінде Франциямен шектеседі. Әкімшілік жағынан 3 округке бөлінеді. Астанасы - Люксембург қаласы. Мемлекеттік тілі - француз және неміс тілдері. Ақша бірлігі - еуро. Люксембург - конституциялы-монархиялы ел. Мемлекет басшысы - Люксембург Ұлы Герцогы. Жоғары заң шығарушы органы - парламент (Депутаттар палатасы). Жоғары атқарушы органы - Үкімет.

Қазақстан Республикасы мен Люксембург Ұлы Герцогтігі арасындағы дипломатиялық қарым-қатынас 1992 жылғы маусымның 29-да орнатылды.

Молдова Республикасы тәуелсіздігін жариялаған күн (1990). Қазақстан Республикасы мен Молдава арасындағы дипломатиялық қарым-қатынас 1992 жылғы шілденің 31-де орнатылды.

ЕСТЕ ҚАЛАР ОҚИҒАЛАР

2 2 жыл бұрын (1992) ҚР Президентінің Жарлығымен Қазақстан Республикасының Министрлер кабинеті жанындағы Ұлттық патент ведомствосы (Қазпатент) құрылды. Елбасының 1995 жылғы қазанның 19-дағы Жарлығымен ҚР Министрлер кабинеті жанындағы Ұлттық патент ведомствосы ҚР Ұлттық патенттік ведомствосы болып қайта құрылды.

2 1 жыл бұрын (1993) ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаевтың қаулысымен Алматы шет ел тілдері педагогикалық институты Қазақ мемлекеттік әлем тілдері университеті болып қайта құрылды. (Қазіргі «Қазақтың Абылай хан атындағы халықаралық қатынастар және әлем тілдері университеті» АҚ).

1 3 жыл бұрын (2001) елордада «SOS Астана балалар қалашығы» ашылды.

20 жыл бұрын (1994) Қазақстан Республикасы Президенті Н.Назарбаевтың «Қазақстан Республикасындағы кәсіпкерлікті қолдау мен дамытудың мемлекеттік бағдарламасы туралы» қаулысы жарияланды.

1 9 жыл бұрын (1995) Баку қаласында Абайдың 150 жылдығына арналған мерейтой өтті.

1 4 жыл бұрын (2000) Қазақстан Республикасының Ұлттық кітапханасында Қазақстанның Тұңғыш Президенті Н.Ә.Назарбаевқа арналған «Жыл адамы» атты академиялық кітап көрмесі салтанатты түрде ашылды. Көрмеде Президент өмірін толық қамтитын отандық және шетелдік баспалардың мыңнан аса кітаптары қойылды. Сонымен қатар көрмеде Президенттің ғылыми шығармалары таныстырылды. Бұл бөлімде әлемнің көптеген тілдерінде жарық көрген кітаптары қойылды.

5 жыл бұрын (2009) Астанадағы Тәуелсіздік сарайында «Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев - тәуелсіз мемлекеттің негізін қалаушы» («Назарбаев Нурсултан Абишевич - основатель независимого государства») деп аталатын кітаптың таныстырылымы болды.

Кітаптың жобасын Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі Ғылым комитеті Мемлекет тарихы институтының директоры, тарих ғылымдарының докторы Бүркітбай Аяғанның жетекшілік етуімен аталмыш институт ғалымдары дайындады.

Кітап Н.Әбішұлының өмірі мен қызметі, жай қарапайым ауылдың азаматынан әлемдік көлемдегі мемлекеттің көрнекті өкіліне дейін әйгілі болған дарынды тұлғаның өрлеу шыңынын жарқын үлгісі. Суреттермен көркемделген 248 беттік кітап орыс тілінде жарық көрді. Көптеген суреттер алғашқы рет жарияланған және алдағы уақытта туындының қазақ тіліндегі нұсқасы әзірленетін болады. Кітаптың құндылығы тәуелсіз Қазақстан тарихының көптеген деректері пайдаланылып, бірқатар құжаттардың түпнұсқасының қолданылуымен ерекшеленеді.

5 жыл бұрын (2009) Петропавлда Қазақстан полициясы күнi Солтүстiк Қазақстан облысының iшкi iстер департаментi ғимаратының алдында iшкi iстер органдарының қызметтiк мiндеттерiн орындау кезінде апатқа ұшыраған қызметкерлерге арналған ескерткiш салтанатты түрде ашылды.

Мемориалды тақтада әртүрлі жылдары, әртүрлі шендегі бірдей жағдайда қайтыс болған 8 адамның аттары ойылып жазылған.

8 жыл бұрын (2006) Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Еуразиялық экономикалық қоғамдастық Мемлекетаралық кеңесінің Құрмет грамотасымен марапатталды. Елбасыға Құрмет грамотасын Минскіде өткен ЕурАзЭҚ Мемлекетаралық кеңесінің мемлекет басшылары деңгейіндегі сессиясы барысында Беларусь Президенті Александр Лукашенко табыс етті. Қазақстан басшысына бұл марапат Еуразиялық экономикалық қоғамдастықтың Кеден одағын қүруда, қоғамдастыққа мүше-елдер арасындағы ынтымақтастықты дамытуға қосқан зор үлесі үшін берілді.

4 жыл бұрын (2010) Иорданияның астанасы Амман қаласында Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың құрметіне аталған көшені салтанатты ашу рәсімі өтті.

Салтанат иордан фольклорлық ансамблінің өнер көрсетуімен басталды. Амман қаласының мэрі мен Астана қаласының әкімі салтанатты жағдайда біздің Президентіміздің есімі жазылған тақтайшаның шымылдығын ашты.

Амман қаласының мэрі Иордания королі Абдалла ІІ мен Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың арасындағы қалыптасқан ынтымақты байланыстар үлгі етуге тұратынын және достас екі елдің мүддесіне қызмет ететінін атап өтті. Қазақстан көшбасшысының екіжақты ынтымақтастықты дамыту және нығайту ісіндегі сіңірген еңбегін, және Амман мен Астана бауырлас қалалар екенін ескере отырып, корольдік әулеттің бастамасымен Амман қаласының муниципалитеті Иордания астанасының орталық көшелерінің бірін Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың есімімен атау туралы шешім қабылдады. Ол, осы маңызды оқиға екі бауырлас елдермен қатар, біздің елродаларымыз - Амман мен Астана арасындағы ынтымақтастықты одан әрі дамытуға қосымша серпін беретінін атап көрсетті.

Бұл оқиға елде үлкен қоғамдық өрлеу туғызды, елдің барлық дерлік ірі газеттерінде қазақстандық делегацияның сапары жөнінде суреттерімен материалдар жарияланды, маусымның 21-інде иордан теледидары шара туралы сюжеттер көрсетті.

Сапар барысында Мәдениет министрлігінде, Иордан Хашимит Корольдігінің Парламент Сенатында ресми кездесулер өтті, қазақстандық делегация мүшелерін Иордания королі Абдалла ІІ қабылдады.

Король Абдалла ІІ, мәдениет министрі Набиль Шокум, Парламент спикерінің орынбасары Мааруф Әл-Бахит, Парламент сенаторы Хатем Әл-Халауани, Араб-Амман университеті президентінің орынбасары Каид Абдаллах, Иорданиядағы Ресей мен Әзірбайжан елшілері өзі елінің ұдай көшбасшысы болумен қатар бүкіл әлемде өлшеусіз беделге ие болған адамның есімімен көше аталуына қатысты өздерінің құптайтынын жеткізді. Олардың айтуынша, бұл оқиға қисынды, өйткені екі елдің көшбасшыларының арасындағы тығыз қатынастар екі бауырлас халықтардың мүддесі игілігіне бұдан да белсендірек ынтымақтасуға жәрдемдеседі. Бұл оқиғаның маңызын біздің Президентіміз бен тұтастай алғанда елімізге құрметпен қарайтын иордандық қоғам оң бағалады.

4 жыл бұрын (2010) Душанбеде Тәжікстан Журналистерінің одағында тәжік тілінде «Панднома» деп аталатын Абайдың «Қара сөздері» кітабының тұсаукесері болып өтті. Кітапты аудару мен шығаруды ұйымдастыру - Қазақстан Республикасы Елшілігінің, Тәжікстан журналистер одағының және «Тәжікстан-Қазақстан» достық қоғамының бірлескен жобасы.

Іс-шараға Тәжікстанның ғылыми және шығармашылық өкілдері, қоғам және БАҚ өкілдері қатысты. Қатысушыларға «Пандноманы» таныстыра келген Қазақстан Республикасы елшісі Әбутәліп Ахметов атап өткендей, Абайдың бұл шығармасы, өзге де туындылары секілді, әлемге кеңінен танымал бола отырып, бірнеше тілдерге аударылған. Алғашқы рет «Қара сөздер» тәжік тіліне аударылып, Ұлттық кітапханаға және Тәжікстанның белді жоғары оқу орындарына сыйға тартылады.

Шығармашылық топтар арасындағы ерекше оқиға деп аталып өтілген аталмыш бастама ТР Мәдениет министрі Абдугаффор Абдужабборовтың да баяндамасында тағы бір нақтылана келе, осы кітаптың аудармасының өте жоғары деңгейде жасалғанын және бұл Елшіліктің тәжікстандық тараппен бірлесе жүзеге асырып отырған үшінші жобасы болып отырғанын да тілге тиек етті.

16 8 жыл бұрын (1846) Бельгия азаматы Адольф Сакс саксофонға патент алды.

6 7 жыл бұрын (1947) АҚШ-та «Тафта-Хартли» жұмысшыларға қарсы заң қабылданды. Заң кәсіподақтардың құқықтарын қатаң шектеді және жекелеген ереуілдерге тыйым салды.

6 7 жыл бұрын (1947) Кеңес үкіметі Капустин Ярда (Астрахань облысы) ракеталық полигонды салу туралы шешім қабылады.

1 6 жыл бұрын (1998) әлемде алғаш рет адам миы клеткасының трансплантациясы жасалды.

ЕСІМДЕР

10 6 жыл бұрын (1908-1979) музыка зерттеушісі, профессор АРАВИН Петр Васильевич дүниеге келді.

Ресейдің Пенза облысында туған. Мәскеу консерваториясының музыка тарихы және теориясы факультетін бітірген. 1938-1940 жылдары Архангельск қаласындағы музыка училищесінде және филармонияның халық шығармашылығы бөлімінде жұмыс істеген. 1941-1945 жылдары Ұлы Отан соғысына қатысқан. 1946-1948 жылдары Кишинев консерваториясының директоры болған. 1948 жылдан өмірінің соңына дейін Алматы консерваториясында ұстаздық еткен. Аравин қазақ музыкасын зерттеуде, оның ерекшелігін теориялық тұрғыдан талдауда мол мұра қалдырған. Оның мерзімді баспасөз құралдары мен әр түрлі музыкалық жинақтарда жарияланған «Дәулеткерейдің 3 портреті», «Дәулеткерей күйлері», «Ұлы күйші Дәулеткерейдің өмірі мен шығармалары», «Домбыра құрылысының үндік жүйесі», «Қазақ күйлерінің шарықтау құрылысы», «Қазақ аспаптық музыка жанрлары», «Құрманғазының музыкалық стилі мәселесі», «Құрманғазы шығармаларындағы қоштасу жанры», «Қазақ музыка фольклорындағы қоштасу жанрының әлеуметтік-эстетикалық табиғаты», «Орыс ғалымдары 18 ғасыр мен 19 ғасырдың 1 жартысындағы қазақ музыкасы туралы», «Батыс пен Шығыс музыка жүйесінің қарым-қатынас мәселесі», «Қазақ әндерінің ырғақтық құрылысы», «Шынтемір мен Мақтымсұлу жайлы аңыз», т.б. еңбектері қазақ музыкасын зерттеудегі өте құнды еңбектер болып табылады.

8 1 жыл бұрын (1933) кинорежиссер, Қазақстанның еңбек сіңірген өнер қайраткері НҰҒЫМАНОВ Асылбек Ғазизұлы дүниеге келді.

Қызылорда облысының Арал қаласында туған. Мәскеудегі мемлекеттік кинематография институтын бітірген. «Қазақфильм» студиясында режиссер болып бірнеше деректі ленталарды түсірген. 1978 жылы «Үндістанмен кездесу» және «Йеменнің аптабында» деген деректі-хроникалық фильмдерді жасаған. «Медеу. Ерлікке толы күн мен түн», «Армысың Тың өлкесі», «Қазақстан Ұлы Отан соғысы жылдарында» және «Ерлік туралы аңыз» атты деректі фильмдер топтамасы үшін 1976 жылы Қазақ КСР Мемлекеттік сыйлығын алған.

«Құрмет белгісі» орденімен және медальдармен марапатталған.

8 6 жыл бұрын (1924) техника ғылымының докторы, профессор, Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым академиясының академигі, қазақстанның еңбек сіңріген ғылым қайраткері ИСАКОВА Руфина Афанасьевна дүниеге келді.

Алматы облысында туған. Қазақ тау-кен металлургия институтын (қазіргі Қ.Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық университеті) бітірген. 1947-1994 жылдары - Қазақстан Ғылым академиясы Металлургия және кен байыту институтының лаборант, кіші, аға ғылыми қызметкері, зертхана меңгерушісі қыметтерін атқарған. 1991 жылдан осы институтта бас ғылыми қызметкер болып істейді.

Ғалымның негізгі ғылыми еңбектері вакуумдық металлургия саласына, металдарды вакуумде тазартуға және аса таза металдар алуға, түсті металлургияның бастапқы сульфидті шикізатын вакуумде термиялық жолмен қайта өңдеуге арналған. Ол сынап-сүрмелі, алтын-мышьякты, алтын-сүрмелі, мыс-висмутты мыс-қорғасындыи және басқа да полиметалл қоспаларын вакуумде өңдеу технологиясын жасауға үлес қосты. Оның жетекшілігімен зертхана ұжымы сульфидтерді вакуумдеу жөніндегі кинетикалық зерттеулер әдісін жасап, оны өндірісте игерді. Зерттеу нәтижелері Шымкент, Өскемен, Ертіс және Лениногор зауыттарындағы штейндерді вакуумдеу жөніндегі өнеркәсіптік-тәжірибелік сынақтарда қолданылды.

«Құрмет белгісі» орденімен, медальдармен марапатталған.

12 5 жыл бұрын (1889-1966) орыс ақыны, аудармашы АХМАТОВА (Горенко) Анна Андреевна дүниеге келді.

Киевтегі жоғары әйелдер курсында, Киев университетінің заң факультетінде оқыған. «Кеш» атты алғашқы өлеңдер жинағы 1912 жылы жарияланды. Кейін «Жел, мені жерле», «Үйеңкі», «Ән», т.б. поэтикалық жинақтары жарық көрген. Ол лирикалық миниатюраның әлемге танымал шебері. Оның поэзиясында түркілік пафос, азиялық таным, көркемдік қабылдау ерекше аңғарылады.

Шығыс пен Батыс поэзиясының үздік дәстүріне үндескен А.Ахматова шығармалары өзіндік дара стилімен өзгешеленеді. «Замана ағымы» жинағы үшін Италияның Энта-Таормин әдеби сыйлығы берілді. Оксфорд университетінің құрметті докторы болды. Өлеңдері ағылшын, француз, итальян, жапон, чех және басқа да тілдерге аударылған.

5 9 жыл бұрын (1955) актриса, Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі ТӘШІМОВА Нұрзада Тұрсымбекқызы дүниеге келді.

Шымкент қаласында туған. Қазақ академиялық драма театры (Қазақ ұлттық өнер академиясы) жанындағы студияны бітірген.

1974-2005 жылдары М.Әуезов атындағы Қазақ академиялық драма театрының кұрамында болды. 2005 жылдан бастап Қ.Қуанышбаев атындағы Қазақ музыкалық-драма театрының құрамында еңбек етеді.

Театр сахнасында Нигара (С.Ахмадтың «Келіндер көтерілісінде»), Қарлығаш, Ажар (М.Әуезовтің «Қарақыпшақ Қобыландысы» мен «Абайында»), Шырын (Н.Хикметтің «Фархад - Шырынында»), Нәзиля (Д.Исабековтің «Әпкесінде») рөлдерін сомдаған. Сондай-ақ, «Абай» (Мағыш), «Беу, қыздар-ай!» (Айсұлу), «Шоқан Уәлиханов» (Фатима) телефильмдерінде ойнаған.

Гастрольдік сапармен Қазақстанның барлық облыс орталықтарында, алыс-жақын шет елдерде болып өнер көрсетті.

7 3 жыл бұрын (1941) Мұхтар Әуезов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық драма театры директорының кеңесшісі, Қазақстанның еңбек сіңірген өнер қайраткері, халық әртiсi, өнертану ғылымының профессоры, тәуелсіз «Платиналы Тарлан» сыйлығының лауреаты ОБАЕВ Есмұхан Несіпбайұлы дүниеге келді.

Алматы облысының Райымбек ауданында туған. Алматы мемлекеттік консерваториясын, Мәскеудегі Максим Горький атындағы академиялық театр курсын бітірген. Мұхтар Әуезов атындағы академиялық драма театрының, Ғабит Мүсірепов атындағы Балалар мен жасөспірімдер театрының қоюшы режиссері, Абай атындағы Семей облыстық музыкалық драма театрының көркемдік жетекшісі, Қазақ мемлекеттік театр және кино институтының ректоры болған. 1995-2001 жылдары - Қазақстан Республикасы Мәдениет министрінің бірінші орынбасары, орынбасары, Мәдениет комитеті төрағасының орынбасары қызметтерін атқарған.

Ол режиссер болып З.Ақышевтің «Жаяу Мұса», Тахауи Ахтановтың «Боран», М.Кәрімнің «Ай тұтылған түн», Ш.Құсайыновтың «Сертке серт», Қ.Мұхамеджановтың «Өзіме де сол керек», Сәбит Мұқановтың «Ботагөз» және «Қашқар қызы», Бейімбет Майлиннің «Шұға», Әнуар Әлімжановтың «Махамбеттің жебесі бойынша, Роллан Сейсенбаевпен бірлесіп жазған «Өзімді іздеп жүрмін» мен Әкім Таразидің «Індет» спектакльдерін қойды. Семей музыкалық драма театрының бас режиссері болып, осы театр сахнасына бірқатар спектакльдер шығарды: Мұхтар Әуезовтің «Айман-Шолпан», «Еңлік-Кебек», «Абай», «Қарагөз», Ғабит Мүсіреповтің «Ақан сері-Ақтоқты», Евгений Брусиловский мен Ғабит Мүсіреповтің «Қыз Жібек», Тахауи Ахтановтың «Күшік күйеу», Сафуан Шаймерденовтың «Әнім сен едің», Е.Рахмадиев пен Ғабит Мүсіреповтің «Қайран, Майра», Дулат Исабековтің «Әпке» мен «Ертеңді күту», О.Бодықовтың «Қош бол, Бөрібасар», М.Сәрсекеевтің «Жарылыс», Қалтай Мұхамеджановтың «Комиссар Ғаббасов», Ж.Файзидің «Башмағым», Ф.Эрвенің «Түлкі бикеш» спектакльдері бар.

«Парасат» орденімен марапатталған. Ол Германияда, Индияда, Кореяда, Қытайда, Ресейде, Өзбекстанда, Қырғызстанда, т.б. елдерде өткен қазақ өнерінің мәдени күндеріне шығармашылық жетекшілік жасаған.

7 7 жыл бұрын (1937) Финляндияның 1994-2000 жылдар аралығындағы Президенті, БҰҰ қызметкері, 2008 жылғы Нобель сыйлығының иегері Марти Ойва Калеви АХТИСААРИ дүниеге келді.

5 9 жыл бұрын (1955) Қ. Қуанышбаев атындағы Мемлекеттік академиялық қазақ музыкалық драма театрында актриса ТАШИМОВА Нұрзада Тұрсынбекқызы дүниеге келді. 1974 жылы қазақтың М. Әуезов атындағы академиялық драма театрына қабылданды. 1992-1996 жылдары Т. Жүргенов атындағы өнер институтын сырттай аяқтады. Сомдаған рөлдері: Ғ. Мүсірепов «Қозы Көрпеш - Баян Сұлу» - Баян, М. Әуезов «Қара қыпшақ Қобыланды» - Қарлығаш, «Абай» - Ажар, Ш. Айтматов «Ғасырдан да ұзақ күн» - Зарина, Н. Хикмет «Фархат - Шырын» - Шырын, Мольер «Ақымақ болған басым-ай» - Анжелина. Сонымен қатар телефильмдер мен көркемфильмдерге түсті. Оның ішінде «Абай» - Мағыш рөлінде, режиссері А.Мамбетов, «Шоқан Уалиханов» - Шаукен рөлінде, режиссері А. Әшімов, «Беу, қыздар-ай» Айсұлу рөлінде, режиссері Т.Ыбыраев. 2005 жылдан Астана қаласында Қазақ Ұлттық Музыка Академиясының «актер шеберлігі және режиссура» кафедрасында актер шеберлігі пәнінен дәріс берген. Шығармашылық жұмысын Астана қаласындағы Қ. Қуанышбаев атындағы Мемлекеттік академиялық қазақ музыкалық драма театрында актриса ретінде жалғастыруда. Қысқа мерзім ішінде А.П.Чеховтың «Ваня ағай» - Соня, Ә. Нүрпейісов «Қан мен тер» - Бәйбіше, Э. Хушвақтов «Қызыл алма» - Саида-Бану, Т. Джюдженоглу «Көшкін» - кіндік шеше, Е. Жуасбек «Антивирус» - Нафиса, Б. Минору «Әзәзіл» спектаклінде - үшінші әйел рөлдерін сомдады.